Денсаулық

Қазақстанда өткен тәулікте COVID пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды

© AP Photo / Kyle GreenМедик в защитном костюме проверяет апааратуру в отделении реанимации в больице с коронавирусом
Медик в защитном костюме проверяет апааратуру в отделении реанимации в больице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
Стационарларда 9,6 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 9 адам, вирустық пневмониядан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 2 004 адам коронавирус жұқтырып, 15 адам вирустық пневмонияға шалдықты.
8 ақпандағы мәлімет бойынша, 87 637 адам коронавирус инфекциясынан (–86 455+ және 1 182 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 647 пациент стационарда, 77 990 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
437 адамның жағдайы ауыр,
171 пациенттің жағдайы өте ауыр,
111 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0