Өңірлер

Президент құрылыс жайлы: әкімдер ескі үйлерді де есепке қосты деген мәлімет бар

CC0 / Free-Photos / Құжатқа қол қою
Құжатқа қол қою - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
Мемлекет басшысы бұдан былай тиісті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым бар жерге ғана тұрғын үй салынуы керек екенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салынып жатқан жаңа үйлердің саны мен сапасын тексеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент былтыр Қазақстан бойынша 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынғанын атап өтті. Айтуынша, бұл бұрын ешқашан болмаған көрсеткіш.
"Алайда оның қаншалықты дұрыс мәлімет екенін тексеру қажет. Әкімдер жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ескі үйлер мен саяжайларды да есепке қосып жіберді деген ақпарат бар. Ал биыл былтырғыдан бір миллион шаршы метр көбірек үй салынады деп жоспарлануда. Бірақ құрылыстың мұндай қарқынына коммуналдық инфрақұрылым ілесе алмай жатыр. Елордамыздағы ахуал осының айқын дәлелі", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент бұдан былай тиісті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым бар жерге ғана тұрғын үй салынуы керек екенін мәлімдеді.
Баспана құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Экономика
Құрылыс компаниялары баспана бағасын негізсіз көтере алмайды – жаңа жүйе енгізілді
Жаңалықтар
0