Қоғам

Министрлік кейбір отандық жұлдызды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды

CC0 / Oliver Menyhart / Құжаттар, қағаздар
Құжаттар, қағаздар - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
Былтыр елімізде 30 мыңға жуық адам қаржы пирамидаларының әрекетінен зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан - Sputnik. Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларын жарнамалаған жұлдыздарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр.
Бұл жөнінде департамент прокуратураға ұсыныс жолдап үлгерді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ведомство мәліметінше, былтырдың өзінде 30 мың адам қаржы пирамидаларынан зардап шекті. Шығын сомасы – 54 миллиард теңге.
Сондай-ақ мұндай пирамидаларды жарнамалауға қазақстандық танымал блогерлер, актерлер, әншілер мен спортшылар жиі тартылады.
Вывески Гарант 24 Ломбард - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2020
Экономика
"Гарант 24 ломбард" жетекшілерінің бірі жұрттың ақшасы қайда екенін айтты
Полицияда зардап шегушілер беделді адамдарға сеніп, миллиондаған ақша жоғалтқанын айтады.
Бірақ қазір мұндай жарнама үшін жұлдыздарға жауапкершілік қарастырылмаған.
"126 алаяқ жауапқа тартылды. 38-і сотталды, қалғаны бойынша процесс жалғасуда. Олардың арасында Garant 24 Lombard ұйымдастырушылары (17 000 зардап шегуші). L-Capital пирамидасының екі жетекшісі де сотты күтіп отыр. Олар 300 адамды 260 миллион теңгеге алдап соққан. Evolution corp. болса 3 миллиард теңге жинап алған. Жәбірленушілердің жолы болып, бұл қаржы пирамидасының барлық мүлкі тәркіленді. Көбінесе ақшасы бар алаяқтарды табу қиын, әдетте қаражат шетелге кетіп қалады", - деп хабарлайды телеарна.
ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, қабылданған шаралардың арқасында жылжымалы және жылжымайтын мүлік, оның ішінде 60 көлік, төрт пәтер, бес жер телімі, 31 жеке тұрғын үй тәркіленді.
Монета биткоин. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2021
Қоғам
Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады – агенттік жауабы
Жаңалықтар
0