https://sputnik.kz/20220208/iim-izolyator-zhertole-azaptau-22599030.html
ІІМ ұсталғандар изолятор жертөлесінде азапталады дегенді жоққа шығарды
ІІМ ұсталғандар изолятор жертөлесінде азапталады дегенді жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
Мекемеге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, қоғамдық бақылау ұйымының өкілдері барып тұрады 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T07:08+0500
2022-02-08T07:08+0500
2023-08-10T16:58+0500
қоғам
азаптау
алматы
ішкі істер министрлігі
тергеу
https://sputnik.kz/img/19/66/196630_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_a1def09cc4972e0edd4c67d818bf6351.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан - Sputnik. Ішкі істер министрлігі Алматыдағы тергеу изоляторының ішінде ұсталғандарға қатысты заңсыз әрекет жасалып жатқан жертөле бар деген ақпарат - жалған деп мәлімдеді.Алматы қаласы ҚІІБ ЛА-155/18 мекемесінің (тергеу изоляторы) басшысы Әсет Жұмадиевтің айтуынша, екі қабатты әкімшілік ғимараты мен 4-5 қабатты 6 режимді корпус бар. Екі жүз отыз камера орнатылған."Бұл ғимараттарда коммуникация жүйелері мен жылу қондырғыларына арналған жартылай жертөле бөлмелері бар. Ол бөлмелерге ғимараттың сыртынан кіреді. Мекемеге түскен адамдарды осы ғимараттың бірінші қабатында қабылдаймыз. Тергеу изоляторына келген барлық адамды медицина қызметкерлері мен кезекші ауысымдағы қызметкерлер қабылдайды. Бәрі видеоға түсіріледі", - деп жазады Polisia.kz Жұмадиев-ке сілтеме жасап.Ол мекемеге құқық қорғау, прокуратура өкілдері мен қоғамдық бақылау ұйымының мүшелері үнемі келіп тұратынын атап өтті."Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі адамның ар-намысын, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, сотталғандар мен басқа да адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғауға бағытталған. Бұл үшін заңнамада сотталғандарды әлеуметтендіруге, адам құқығын қорғауға жағдай жасалған", - делінген хабарламада.Ведомство жалған ақпарат таратқандар Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
https://sputnik.kz/20220101/IIM-politseyler-video-19035112.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/19/66/196630_155:0:2886:2048_1920x0_80_0_0_5b9889ca047a570d613e0bed8590eecb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы изолятор іім мвд азаптау пытки
алматы изолятор іім мвд азаптау пытки
ІІМ ұсталғандар изолятор жертөлесінде азапталады дегенді жоққа шығарды
07:08 08.02.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) Мекемеге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, қоғамдық бақылау ұйымының өкілдері барып тұрады
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан - Sputnik. Ішкі істер министрлігі Алматыдағы тергеу изоляторының ішінде ұсталғандарға қатысты заңсыз әрекет жасалып жатқан жертөле бар деген ақпарат - жалған деп мәлімдеді.
Алматы қаласы ҚІІБ ЛА-155/18 мекемесінің (тергеу изоляторы) басшысы Әсет Жұмадиевтің айтуынша, екі қабатты әкімшілік ғимараты мен 4-5 қабатты 6 режимді корпус бар. Екі жүз отыз камера орнатылған.
"Бұл ғимараттарда коммуникация жүйелері мен жылу қондырғыларына арналған жартылай жертөле бөлмелері бар. Ол бөлмелерге ғимараттың сыртынан кіреді. Мекемеге түскен адамдарды осы ғимараттың бірінші қабатында қабылдаймыз. Тергеу изоляторына келген барлық адамды медицина қызметкерлері мен кезекші ауысымдағы қызметкерлер қабылдайды. Бәрі видеоға түсіріледі", - деп жазады
Polisia.kz Жұмадиев-ке сілтеме жасап.
Ол мекемеге құқық қорғау, прокуратура өкілдері мен қоғамдық бақылау ұйымының мүшелері үнемі келіп тұратынын атап өтті.
"Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі адамның ар-намысын, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, сотталғандар мен басқа да адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғауға бағытталған. Бұл үшін заңнамада сотталғандарды әлеуметтендіруге, адам құқығын қорғауға жағдай жасалған", - делінген хабарламада.
Ведомство жалған ақпарат таратқандар Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.