Қоғам

"Дикий Арманның" адвокаттары прокуратура мәлімдемесіне жауап берді

© Photo : t.me/WarLifeКриминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман)
Криминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман) - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
Олар өздеріне жария етпеу туралы келісім беру ұсынылғанын атап өтті. Алайда қадағалау органының өзі тергеу құпиясын ашып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан - Sputnik. Арман Жұмагелдиевтің ("Дикий Арман") қорғаушылары Бас прокуратура өкілінің сөзіне таңғалды, деп мәлімдегі қылмыс әлемі серкесінің адвокаттары.
Олардың пікірінше, біріншіден, тергеу құпиясы ашылды. Екіншіден, "Арман Жұмагелдиевтің қорғаушылары бұл мән-жайларды бірінші рет естіп отыр" және бұл мән-жайлар қылмыстық қудалау органы біліктілігі қаулысымен өз қорғаушысына ұсынылмаған.
"Қорғау тарапы Бас прокуратура өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің тиісті процессуалдық рәсімдерінсіз Жұмагелдиев А.-ға қатысты болмаған мән-жайларды жариялап, БАҚ пен қоғамды қасақана жаңылыстырды деп есептейді. Мұнымен тергеу біржақты және айыптау бағытында өтетінін көрсетті", - деп жазды адвокат Талғат Есімов.
Криминальный авторитет Дикий Арман в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Дикий Арман тергеу изоляторынан жоғалып кетті – адвокаттары мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0