https://sputnik.kz/20220208/biyl-qazaqstan-ekonomikasy-22607981.html
Биыл ел экономикасы 4,2%-ке өседі
Биыл ел экономикасы 4,2%-ке өседі
Sputnik Қазақстан
Пірматов Ұлттық банк наурыз айында 2022 жылға арналған инфляция болжамын өзектендіретінін атап өтті 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T11:12+0500
2022-02-08T11:12+0500
2022-02-08T11:12+0500
экономика
жіө
қазақстан
өсім
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_0:317:3073:2047_1920x0_80_0_0_e97f1aaf6e8acd0bceecd948d66661d1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан экономикасы 2022 жылы 4,2% өседі. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, үкіметпен бірлескен шараларды іске асыру нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция қыркүйек-қазан айларындағы ең жоғары 8,9%-тен 8,4%-ке дейін баяулады. Алайда инфляцияның баяулауы әлі де тұрақсыз. "Биыл қаңтарда инфляцияның тағы да 8,5%-ке дейін жеделдеуі осыны дәлелдейді", - деді ұлттық банк басшысы. Айтуынша, инфляциялық процестердің орнықсыздығын байқай отырып, Ұлттық банк биыл қаңтарда базалық ставканы 10,25%-ке дейін, 50 базалық тармаққа көтерді. Бұл инфляцияны биылғы жылдың соңына қарай болжанатын 6-6,5% дәлізіне қайтаруға ықпал етеді. Пірматов Ұлттық банк наурыз айында 2022 жылға арналған инфляция болжамын өзектендіретінін атап өтті. Сонымен қатар, бағаның өсуін одан әрі төмендету үшін Ұлттық банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады.
https://sputnik.kz/20220208/tsifrlyq-tenge-payda-bolady-22606703.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_144:0:2873:2047_1920x0_80_0_0_b3b7231ea89e0d4192fb4352fc0ff4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экономика жіө өсім ввп пирматов нацбанк
экономика жіө өсім ввп пирматов нацбанк
Биыл ел экономикасы 4,2%-ке өседі
Пірматов Ұлттық банк наурыз айында 2022 жылға арналған инфляция болжамын өзектендіретінін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан экономикасы 2022 жылы 4,2% өседі. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша, Қазақстан экономикасы 2022 жылы 3,7-4,0%-ке өседі. Ал Ұлттық банк оны 3,9-4,2% деңгейінде болжап отыр", - деді Пірматов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ғалымжан Пірматов
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы
Айтуынша, үкіметпен бірлескен шараларды іске асыру нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция қыркүйек-қазан айларындағы ең жоғары 8,9%-тен 8,4%-ке дейін баяулады. Алайда инфляцияның баяулауы әлі де тұрақсыз.
"Биыл қаңтарда инфляцияның тағы да 8,5%-ке дейін жеделдеуі осыны дәлелдейді", - деді ұлттық банк басшысы.
Айтуынша, инфляциялық процестердің орнықсыздығын байқай отырып, Ұлттық банк биыл қаңтарда базалық ставканы 10,25%-ке дейін, 50 базалық тармаққа көтерді. Бұл инфляцияны биылғы жылдың соңына қарай болжанатын 6-6,5% дәлізіне қайтаруға ықпал етеді.
Пірматов Ұлттық банк наурыз айында 2022 жылға арналған инфляция болжамын өзектендіретінін атап өтті. Сонымен қатар, бағаның өсуін одан әрі төмендету үшін Ұлттық банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады.