https://sputnik.kz/20220208/almatyda-koktaygaq-birneshe-kolik-22604528.html
Алматыда көктайғақ салдарынан бірнеше көлік соқтығысты - зардап шеккендер бар
Алматыда көктайғақ салдарынан бірнеше көлік соқтығысты - зардап шеккендер бар
Sputnik Қазақстан
Алматыда 7 ақпаннан бастап ауа райы нашарлады. Қар жауып, көктайғақ болды 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T10:21+0500
2022-02-08T10:21+0500
2022-02-08T10:21+0500
өңірлер
алматы
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16580993_1:0:3640:2047_1920x0_80_0_0_4298c957f3f6f81a17ea2c36b645adcb.jpg
АЛМАТЫ, 8 ақпан – Sputnik. Алматыда ауа райының бұзылуына байланысты таңнан бері 25-тен астам жол оқиғасы болды. Соған байланысты жергілікті полиция көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Таңғы алтыдан бастап қаланың жоғары бөлігінде 25-тен астам жол оқиғасы болған. Он апатта зардап шеккендер бар. "Жауын-шашын, көктайғақ қаладағы жол қозғалысын едәуір қиындататыны белгілі. Соның салдарынан кептеліс болады. Алайда бұған көлік жүргізушілерінің де тікелей қатысы бар. Бірі жылдамдықты төмендетпейді, қауіпті маневр жасайды, жаяу жүргіншілер де рұқсат берілмеген жерді кесіп өтеді", - деді Алматы қаласы жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров. Айтуынша, осының бәрі қалада жол қозғалысына кері әсер етеді. Айта кетері, Алматыда 7 ақпаннан бастап ауа райы нашарлады. Қар жауып, көктайғақ болды. Қазір қалада ауа температурасы -2 градусты көрсетіп тұр. Қалың тұман түскен, жаңбыр сіркіреп тұр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16580993_456:0:3185:2047_1920x0_80_0_0_5428157d69e97b83c910ab5499154616.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда көктайғақ салдарынан бірнеше көлік соқтығысты - зардап шеккендер бар
Алматыда 7 ақпаннан бастап ауа райы нашарлады. Қар жауып, көктайғақ болды
АЛМАТЫ, 8 ақпан – Sputnik. Алматыда ауа райының бұзылуына байланысты таңнан бері 25-тен астам жол оқиғасы болды. Соған байланысты жергілікті полиция көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Таңғы алтыдан бастап қаланың жоғары бөлігінде 25-тен астам жол оқиғасы болған. Он апатта зардап шеккендер бар.
"Жауын-шашын, көктайғақ қаладағы жол қозғалысын едәуір қиындататыны белгілі. Соның салдарынан кептеліс болады. Алайда бұған көлік жүргізушілерінің де тікелей қатысы бар. Бірі жылдамдықты төмендетпейді, қауіпті маневр жасайды, жаяу жүргіншілер де рұқсат берілмеген жерді кесіп өтеді", - деді Алматы қаласы жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Айтуынша, осының бәрі қалада жол қозғалысына кері әсер етеді.
Айта кетері, Алматыда 7 ақпаннан бастап ауа райы нашарлады. Қар жауып, көктайғақ болды. Қазір қалада ауа температурасы -2 градусты көрсетіп тұр. Қалың тұман түскен, жаңбыр сіркіреп тұр.