https://sputnik.kz/20220207/zhambyl-oblysy-sekseuil-adam-22576440.html
Шекарадан 20 тонна сексеуілді алып өтпек болған шымкенттік ұсталды
Шекарадан 20 тонна сексеуілді алып өтпек болған шымкенттік ұсталды
Sputnik Қазақстан
Сексеуіл – Қызыл кітапқа енген өсімдік, жойылып кету қаупі бар 07.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-07T11:00+0500
2022-02-07T11:00+0500
2022-02-07T11:00+0500
өңірлер
шекара
ер адам
https://sputnik.kz/img/240/18/2401812_0:359:2659:1854_1920x0_80_0_0_da322bcc7ef7458f70ea27f4a3124376.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында 33 жастағы шымкенттік Қызыл кітапқа енген 20 тонна сексеуілді шекарадан шығармақ болған.Күдікті Қордай ауданының "Қарасу" көлік өткізу бекетінде ұсталды. Анықталғандай, ол Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны.Ер адам заңсыз кесілген және пайдалануға тыйым салынған сексеуілді шекарадан алып өтпек болған."Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Заттай айғақ саналатын 20 тонна сексеуіл тәркіленді. Сондай-ақ сот-биологиялық сараптама тағайындалды", - деді Жамбыл облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе дәл сол мерзімге бас бостандығы шектеледі.Полиция азаматтарға сексеуілдің жойылып кету қаупі бар өсімдік екенін ескертті.Қазақстанда мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуілдерді кесуге 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/240/18/2401812_0:53:2659:2047_1920x0_80_0_0_619dacb9d606a91688ff10016f9e6b99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара, ер адам
Шекарадан 20 тонна сексеуілді алып өтпек болған шымкенттік ұсталды
Сексеуіл – Қызыл кітапқа енген өсімдік, жойылып кету қаупі бар
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында 33 жастағы шымкенттік Қызыл кітапқа енген 20 тонна сексеуілді шекарадан шығармақ болған.
Күдікті Қордай ауданының "Қарасу" көлік өткізу бекетінде ұсталды. Анықталғандай, ол Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны.
Ер адам заңсыз кесілген және пайдалануға тыйым салынған сексеуілді шекарадан алып өтпек болған.
"Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Заттай айғақ саналатын 20 тонна сексеуіл тәркіленді. Сондай-ақ сот-биологиялық сараптама тағайындалды", - деді Жамбыл облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе дәл сол мерзімге бас бостандығы шектеледі.
Полиция азаматтарға сексеуілдің жойылып кету қаупі бар өсімдік екенін ескертті.
Қазақстанда мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуілдерді кесуге 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынған.