https://sputnik.kz/20220207/turkistan-oblysy-mugalimder-shot-22581768.html
Түркістан облысында мұғалімдердің шотынан 17 млн теңге ұрланды
Түркістан облысында мұғалімдердің шотынан 17 млн теңге ұрланды
Sputnik Қазақстан
Мұғалімдердің жалақысын өз шотына аударып алған күдікті Алматы қаласында жүрген 07.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-07T13:23+0500
2022-02-07T13:23+0500
2023-08-09T09:38+0500
қоғам
жалақы
түркістан облысы
мұғалім
https://sputnik.kz/img/618/90/6189085_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_249c964b8a5f45ac3a493ebcf9c997d3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында алаяқ мұғалімдердің шотынан 17 миллион теңге ұрлаған.Шардара қаласында бірнеше мектептің шотынан ірі мөлшерде заңсыз ақша аударылған. Мұғалімдердің жалақысы ұрланғаны туралы шағым Шардара аудандық полиция бөліміне түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді.Жедел іздестіру шаралары барысында полиция бір күн ішінде күмәнді шотты анықтады. Оның иесі кім екені де белгілі болды.Күдікті Алматы қаласында жүрген. Шардаралық полицейлер мегаполиске барып, алаяқты ұстап, аудандық полиция бөліміне жеткізді.Анықталғандай, жас жігіт бұрын қаржы саласында істеген. Былтыр қыркүйекте жұмысынан шығып, Алматы қаласына кеткен. Біраз уақыт жұмыссыз жүрген. Сөйтіп оңай жолмен ақша табуды ойлаған. Ол жеке деректерді пайдаланып, 40-тан астам мұғалімнің жалақысын өз шотына аударған.Жәбірленушілерге келтірілген шығын 17 миллион теңгеден асты.Айғақ ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді.Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында алаяқтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.
https://sputnik.kz/20220207/qarzhy-piramidasy-khalyq-aqsha-pater-22578575.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/90/6189085_132:0:1817:1264_1920x0_80_0_0_72085fc9eaf4cbc073532e457c93c79c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, түркістан облысы, мұғалім
жалақы, түркістан облысы, мұғалім
Түркістан облысында мұғалімдердің шотынан 17 млн теңге ұрланды
13:23 07.02.2022 (жаңартылды: 09:38 09.08.2023) Мұғалімдердің жалақысын өз шотына аударып алған күдікті Алматы қаласында жүрген
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында алаяқ мұғалімдердің шотынан 17 миллион теңге ұрлаған.
Шардара қаласында бірнеше мектептің шотынан ірі мөлшерде заңсыз ақша аударылған. Мұғалімдердің жалақысы ұрланғаны туралы шағым Шардара аудандық полиция бөліміне түсті, деп хабарлайды
Polisia.kz.Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді.
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция бір күн ішінде күмәнді шотты анықтады. Оның иесі кім екені де белгілі болды.
Күдікті Алматы қаласында жүрген. Шардаралық полицейлер мегаполиске барып, алаяқты ұстап, аудандық полиция бөліміне жеткізді.
Анықталғандай, жас жігіт бұрын қаржы саласында істеген. Былтыр қыркүйекте жұмысынан шығып, Алматы қаласына кеткен. Біраз уақыт жұмыссыз жүрген. Сөйтіп оңай жолмен ақша табуды ойлаған. Ол жеке деректерді пайдаланып, 40-тан астам мұғалімнің жалақысын өз шотына аударған.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын 17 миллион теңгеден асты.
Айғақ ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында алаяқтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.