Саясат

Ертең Тоқаевтың қатысуымен үкімет отырысы өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства
Президент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазылу
Жиын барысында елдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. 8 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады", - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Президент 11 қаңтарда парламентте өткен жиында үкіметтің алдына бірқатар ауқымды міндет қойған болатын.
12 қаңтарда елордада жаңа құрамдағы үкіметтің бірінші отырысы өтті. Отырыста жаңа министрлер салтанатты түрде ант берді.
Еске салсақ, 11 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа басшысын тағайындады. Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов келді.
© SputnikҚазақстан үкіметінің жаңа құрамы
Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы
Ол үкімет отставкаға кеткенге дейін экс-премьер Асқар Маминнің бірінші орынбасары болған еді.
Артынша мемлекет басшысы үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Министрлердің көбі өз орнында қалды. Бірқатар ведомствоға жаңа басшы тағайындалды.
Жаңалықтар
0