https://sputnik.kz/20220207/tomiris-baysafa-olimi-sot-22592983.html
Томирис Байсафаның өлімі: іс қайта қаралады
Томирис Байсафаның өлімі: іс қайта қаралады
Sputnik Қазақстан
2021 жылдың жазында алқабилер Томирис Байсафаның өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Муртузали Меджидовқа ақтау үкімін шығарған болатын 07.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-07T17:33+0500
2022-02-07T17:33+0500
2022-02-07T17:33+0500
әлем
сот
қылмыс
томирис байсафа
https://sputnik.kz/img/639/29/6392905_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_d30a539ce321b8f1b38091c4528b6177.jpg
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Мәскеудің Измайловский соты 9 ақпанда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті Томирис Байсафаның өлімі бойынша істі қайта қарауды бастайды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі РИА Новостиге. Бұл қылмыстық іс бойынша Дағыстанның бұрынғы лауазымды шенеунігінің ұлы Муртузали Меджидов қайтадан сот алдында жауап береді.Бастапқыда бұл істі Мәскеудің Никулин соты қарауы керек еді, бірақ Бас прокуратура материалдарды басқа сотқа жіберуді сұрады. Нәтижесінде Мәскеу қалалық соты Измайловский сотын таңдады. Бас прокуратура Никулин сотының объективтілігі мен бейтараптығына күмән келтіруі мүмкін жағдайлар туралы хабарлады, бірақ нақты ештеңе айтылмады. Бұған дейін 2021 жылдың жазында алқабилер Томирис Байсафаның өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Дағыстандағы бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Мұхтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидовқа ақтау үкімін шығарған. Алайда Мәскеу қалалық соты бұл үкімнің күшін жойып, қылмыстық істі қайтадан қарауға шешім шығарды.Томирис Байсафаның өлімі Қайғылы оқиға 2018 жылдың сәуірінде болған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қарым-қатынастар институтында оқыған 21 жастағы қазақстандық студент Томирис Байсафа оқу орнының төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті.Бойжеткен Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. БАҚ хабарлағандай, Томирис пен Муртузали кездесіп жүрген. Муртузали Меджидов – дағыстандық танымал саяси қайраткер әрі бизнесмен Мұхтар Меджидовтың ұлы.
https://sputnik.kz/20211029/Tomiris-Baysafan-soty-18526853.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/29/6392905_94:0:1054:720_1920x0_80_0_0_dd2c80685965586763f9c8f7cb1718d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, қылмыс, томирис байсафа
сот, қылмыс, томирис байсафа
Томирис Байсафаның өлімі: іс қайта қаралады
2021 жылдың жазында алқабилер Томирис Байсафаның өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Муртузали Меджидовқа ақтау үкімін шығарған болатын
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Мәскеудің Измайловский соты 9 ақпанда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті Томирис Байсафаның өлімі бойынша істі қайта қарауды бастайды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі
РИА Новостиге. Бұл қылмыстық іс бойынша Дағыстанның бұрынғы лауазымды шенеунігінің ұлы Муртузали Меджидов қайтадан сот алдында жауап береді.
"Меджидов Муртазали Мухтаровичтің ісі бойынша алдын ала сот отырысы 9 ақпанда өтеді", - делінген ақпаратта.
Бастапқыда бұл істі Мәскеудің Никулин соты қарауы керек еді, бірақ Бас прокуратура материалдарды басқа сотқа жіберуді сұрады. Нәтижесінде Мәскеу қалалық соты Измайловский сотын таңдады.
Бас прокуратура Никулин сотының объективтілігі мен бейтараптығына күмән келтіруі мүмкін жағдайлар туралы хабарлады, бірақ нақты ештеңе айтылмады. Бұған дейін 2021 жылдың жазында алқабилер Томирис Байсафаның өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген Дағыстандағы бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Мұхтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидовқа ақтау үкімін шығарған.
Алайда Мәскеу қалалық соты бұл үкімнің күшін жойып, қылмыстық істі қайтадан қарауға шешім шығарды.
Қайғылы оқиға 2018 жылдың сәуірінде болған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қарым-қатынастар институтында оқыған 21 жастағы қазақстандық студент Томирис Байсафа оқу орнының төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті.
Бойжеткен Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. БАҚ хабарлағандай, Томирис пен Муртузали кездесіп жүрген.
Муртузали Меджидов – дағыстандық танымал саяси қайраткер әрі бизнесмен Мұхтар Меджидовтың ұлы.