Қоғам

Тергеу изоляторларында кездейсоқ қамалғандар жоқ – Бас прокуратура

© Sputnik / Тимур БатыршинКолючая проволока
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазылу
Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру күдігімен 467 адам қамауға алынды
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Тергеу изоляторларында кездейсоқ қамалған адамдар жоқ. Бұл туралы Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, арнайы прокурорлар 76 күдіктіні тергеу изоляторларынан босатты. Қамауға алу ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, үйқамаққа және жеке кепілдікке ауыстырылды.
"Олардың арасында екі әйел мен кәмелетке толмаған 9 жасөспірім болған. Тергеу изоляторларында кездейсоқ қамалған адамдар жоқ екенін жауапкершілікпен мәлімдейміз. Қамауға тек ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны туралы нақты айғақтар бар адамдар ғана алынды. Біз келтіріп отырған сандық мәліметтер – олар тек арнайы прокурорлардың тергеуіндегі істер бойынша екенін атап өткім келеді", - деді Ризабек Ожаров брифинг барысында.
Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру күдігімен 467 адам қамауға алынды.
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы терроризм актісі мен жаппай тәртіпсіздіктерді тергеуді жалғастыруда. Жұмыстар 8 өңір бойынша, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарында жүргізілуде. Себебі дәл осы аймақтарда адамдар өлімдері орын алды. Мемлекеттік және жеке нысандар қиратылып, өртелді.
Протестующие и полиция в центре Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Қаңтар оқиғасы
Жанжал шығарып, жағдайды ушықтырған: елде 35 экстремистік ұйымның мүшесі ұсталды
Жаңалықтар
0