Спорт

Қазақстандық теннисші Бублик ATP-250 санатындағы турнирді жеңді

Александр Бублик - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазылу
Бублик бұған дейін төрт рет ATP-250 санатындағы турнирдің финалында ойнаған. Ол әлемдік рейтингте 31-орынға көтерілді
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP-250 санатындағы турнирде әлемнің үшінші ракеткасы Александр Зверевпен кездесіп, оны екі сетте 6:4, 6:3 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Бұл 24 жастағы Бубликтің ең ірі жеңісі. Бұған дейін төрт рет финалда өнер көрсеткен.
Монпельедегі (Франция) турнирде Бублик бірнеше мықты қарсыласын, соның ішінде жарыстың екінші ракеткасы, ATP рейтингінде 19-шы орында тұрған испаниялық Роберто Баутиста Агутты жеңді.
Зарина Дияс  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2020
Спорт
Зарина Дияс карьерасындағы оныншы титулын жеңіп алды
Жаңалықтар
0