https://sputnik.kz/20220207/taldykol-ekopark-ashylady-22589119.html
Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылады
Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылады
Sputnik Қазақстан
Үлкен Талдыкөл жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады 07.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-07T16:08+0500
2022-02-07T16:08+0500
2022-02-07T16:08+0500
қоғам
көл
саябақ
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17836499_3:0:2999:1685_1920x0_80_0_0_10e1b3045b3398d41fa43be45e1fcbea.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Елордадағы Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылады. Жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды қала әкімдігі.Кіші Талдыкөлдің су балансын сақтап және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр."Су қоймасы бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тастан жасалған жағалау болады. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаж жүйесін ұйымдастыру және су айдынын аэрациялау көзделеді", - делінген хабарламада.Сонымен қатар, серуендеу үшін де арнайы инфрақұрылым жасалады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау салынады.Үлкен Талдыкөлде өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Көл жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17836499_377:0:2624:1685_1920x0_80_0_0_494b1fa657d4a0b29ac546f12d48a561.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көл, саябақ
Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылады
Үлкен Талдыкөл жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Елордадағы Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылады. Жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Кіші Талдыкөлдің су балансын сақтап және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
"Су қоймасы бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тастан жасалған жағалау болады. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаж жүйесін ұйымдастыру және су айдынын аэрациялау көзделеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, серуендеу үшін де арнайы инфрақұрылым жасалады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау салынады.
Үлкен Талдыкөлде өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Көл жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.