https://sputnik.kz/20220207/student-oqu-ministr-22593441.html
"10 мың студент оқудан шығарылды": білім министрі себебін айтты
"10 мың студент оқудан шығарылды": білім министрі себебін айтты
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, былтыр білім беру сапасы төмен 15 жоғары оқу орнының жұмысы тоқтатылды 07.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-07T20:32+0500
2022-02-07T20:32+0500
2022-02-07T20:32+0500
білім
студент
диплом
https://sputnik.kz/img/07e5/04/01/16676983_0:0:3035:1708_1920x0_80_0_0_58c93164673ed5f3bae725ff425cb4ae.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Асхат Аймағамбетов оқудан шығарылған студенттердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Министрдің айтуынша, былтыр білім беру сапасы төмен 15 жоғары оқу орнының жұмысы тоқтатылды. Бұдан бөлек, оқыту сапасы нашар 65 университеттің белгілі бір мамандық бойынша берілген 500-ден астам лицензиясы кері қайтарылды. Ал кәсіби-техникалық білім беру саласында 30 колледждің жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, тиісті деңгейде білім бермеген мамандықтар бойынша 2000 лицензия кері қайтарылған болатын. Sputnik Қазақстан тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне хабарласып, құжаты болмаған он мың студенттің оқудан қалай шығарылғанын сұрады. "Мұндай студенттер оқудың ақысын төлейді, бірақ сабаққа бармайды. Оқу орны оларды құжат жүзінде қабылдайды. Алайда олардың оқу мерзімі кезінде сынақ кітапшасы, студенттік билет және тағы басқа қажетті құжаттары болмаған. Министр осы құжаттар туралы жазды. Ол студенттер ең соңында келеді де, дайын дипломды ала салады", - дейді баспасөз қызметінің маманы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/01/16676983_108:0:2837:2047_1920x0_80_0_0_1ee2771d4e6e95b57a6b6f6894e427bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студент, диплом
"10 мың студент оқудан шығарылды": білім министрі себебін айтты
Министрдің айтуынша, былтыр білім беру сапасы төмен 15 жоғары оқу орнының жұмысы тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Асхат Аймағамбетов оқудан шығарылған студенттердің санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, былтыр білім беру сапасы төмен 15 жоғары оқу орнының жұмысы тоқтатылды. Бұдан бөлек, оқыту сапасы нашар 65 университеттің белгілі бір мамандық бойынша берілген 500-ден астам лицензиясы кері қайтарылды.
Ал кәсіби-техникалық білім беру саласында 30 колледждің жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, тиісті деңгейде білім бермеген мамандықтар бойынша 2000 лицензия кері қайтарылған болатын.
"100 мыңнан астам студент басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылды. Сонымен қатар тексеру кезінде іс жүзінде оқытылмаған он мыңға жуық студент оқудан шығарылды, жоғары оқу орындарында олардың құжаттары да болмаған", - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Sputnik Қазақстан тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне хабарласып, құжаты болмаған он мың студенттің оқудан қалай шығарылғанын сұрады.
"Мұндай студенттер оқудың ақысын төлейді, бірақ сабаққа бармайды. Оқу орны оларды құжат жүзінде қабылдайды. Алайда олардың оқу мерзімі кезінде сынақ кітапшасы, студенттік билет және тағы басқа қажетті құжаттары болмаған. Министр осы құжаттар туралы жазды. Ол студенттер ең соңында келеді де, дайын дипломды ала салады", - дейді баспасөз қызметінің маманы.