Денсаулық

Індеттің беті қайтты: жаңартылған мәлімет жарияланды

© AFP 2024 / JENS SCHLUETERМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазылу
Қазақстанда бірнеше күннен бері коронавирус жұқтырғандардың саны азайып жатыр. Алматыдан басқа өңірлерде бір тәулікте анықталған науқастардың саны 400-ге жетпейді
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте 3 653 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір күн бұрын 4 826 науқас тіркелген болатын.
Өңірлердегі статистика:
Нұр-Сұлтан қаласы - 366,
Алматы қаласы - 1146,
Шымкент қаласы - 19,
Ақмола облысы - 288,
Ақтөбе облысы - 66,
Алматы облысы - 195,
Атырау облысы - 32,
Шығыс Қазақстан облысы - 109,
Жамбыл облысы - 61,
Батыс Қазақстан облысы - 110,
Қарағанды облысы - 295,
Қостанай облысы - 298,
Қызылорда облысы - 20,
Маңғыстау облысы - 15,
Павлодар облысы - 345,
Солтүстік Қазақстан облысы - 274,
Түркістан облысы - 14.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 1 274 607.

Коронавирустан қанша адам қайтыс болды

Өткен тәуліктегі мәлімет бойынша Қазақстанда 16 адам коронавирус инфекциясынан, үш адам ковид пневмониясынан қайтыс болды.
COVID-19 індетінен қайтыс болғандардың жалпы саны 13 372, ковид белгілері бар пневмониядан көз жұмғандардың саны 5 288 адамға жетті.

Қанша адам COVID-19-бен ауырып жатыр

7 ақпандағы жағдай бойынша 95 515 адам коронавирустан емделіп жатыр. Ауруханаларда 9 897 науқас бар.
Коронавирус жұқтырған және пневмониямен ауырған 453 науқастың жағдайы ауыр, 155-інің жағдайы өте ауыр, 96 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.
Жаңалықтар
0