https://sputnik.kz/20220207/arzhy-piramidasyna-tay-300-adam-aldandy-22579728.html
Қаржы пирамидасына тағы 300 адам алданды
Қаржы пирамидасына тағы 300 адам алданды
Sputnik Қазақстан
"L-Capital" компаниясының қызметкерлері адамдарға құнды қағаздармен жоғары инвестициялық табыс табуды ұсынған 07.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-07T12:14+0500
2022-02-07T12:14+0500
2022-02-07T12:14+0500
қоғам
қазақстан
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/45/14194580_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ad200b538096bea68cdce7ea136bfd8d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. "L-Capital" АҚ компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжал Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, тергеуді ішкі істер министрлігі мен арнайы прокурорлар қызметі жүргізген. Полицияға Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Атырау облысының тұрғындары арызданған. Жауапқа "L-Capital" компаниясының қызметкерлері – Г.Искандерова мен Т.Жантілесова тартылып отыр. Олар құнды қағаздармен жоғары инвестициялық табыс табуға болады деп елді алдаған.Айта кетері, алданған салымшылар бір жыл бұрын Алматыда L-Capital компаниясының кеңсесіне жиналып, наразылық білдірген. Барлығы ірі көлемде ақша салған. Сол кезде шамамен 15 мың адам алаяқтардан зардап шекті деген мәлімет болды.Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасын ашқандар халықтың ақшасына Түркиядан бірнеше пәтер сатып алған
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/45/14194580_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_948a06c5e5215db0fbf4bd1ce29cc0bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қаржы пирамидасы
қазақстан, қаржы пирамидасы
Қаржы пирамидасына тағы 300 адам алданды
"L-Capital" компаниясының қызметкерлері адамдарға құнды қағаздармен жоғары инвестициялық табыс табуды ұсынған
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. "L-Capital" АҚ компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжал Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Зардап шеккен адамдардың саны 300-ден асады. Шығын сомасы – 260 миллион теңге. Қылмыстық іс аяқталып жатыр. Қазіргі кезде процесс қатысушылары тергеу материалдарымен танысуға кірісті", - деді Әділов онлайн брифингте.
Оның айтуынша, тергеуді ішкі істер министрлігі мен арнайы прокурорлар қызметі жүргізген. Полицияға Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Атырау облысының тұрғындары арызданған. Жауапқа "L-Capital" компаниясының қызметкерлері – Г.Искандерова мен Т.Жантілесова тартылып отыр. Олар құнды қағаздармен жоғары инвестициялық табыс табуға болады деп елді алдаған.
Айта кетері, алданған салымшылар бір жыл бұрын Алматыда L-Capital компаниясының кеңсесіне жиналып, наразылық білдірген. Барлығы ірі көлемде ақша салған. Сол кезде шамамен 15 мың адам алаяқтардан зардап шекті деген мәлімет болды.