Өңірлер

Алматы полициясы "Қару" операциясын жүргізіп жатыр

© ЦОС ФСБ РФ / Медиабанкке өтуҚару-жарақ
Қару-жарақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазылу
Заңсыз сақталған қару мен оқ-дәріні өз еркімен тапсырмағандар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Алматыда заңсыз сақталған қаруды алу операциясы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпаннан бастап ерекше бұйрыққа дейін Алматыда "Қару" операциясы жүргізіледі.
"Мақсаты - атыс қаруы мен оқ-дәрі қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және анықтау. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жұмыс мегаполистегі қылмыстық жағдайды жақсартуға оң әсер етеді. Алматы полициясының жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды, - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Ол "Қару "жедел алдын алу шарасы барынша көп тіркелмеген қаруды заңсыз айналымнан алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, Таймерденов азаматтық қару иелерін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қару сақталатын жерде күзет жүйесінің бар-жоғы анықталады. Алматы полициясы қару қабылдау бойынша акция өткізіліп жатқанын да еске салды.
"Заңсыз қаруды сақтағандарға оны өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. Қару мен оқ-дәрінің қандай да бір қылмыстарға қатысы анықталмаса, оларды тапсырған адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Заңсыз сақталған қару мен оқ-дәріні өз еркімен тапсырмағандар табылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - деді Таймерденов.
Қазақстандық автокөлік нөмірі жасырылған Қырғызстанның Шу облысындағы қару-жарақ қоймасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Қоғам
Қырғызстанда қару-жарақ арасынан қазақстандық мемлекеттік нөмір табылды
Жаңалықтар
0