https://sputnik.kz/20220207/abdizhamil-nurpeyisov-qoshtasu-video-22592503.html
Алматыда жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасу рәсімі өтті
Алматыда жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасу рәсімі өтті
Sputnik Қазақстан
Алматыда Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасу рәсімі өтті 07.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-07T17:25+0500
2022-02-07T17:25+0500
2022-02-07T17:25+0500
видео
әбдіжәміл нұрпейісов
қоштасу рәсімі
https://sputnik.kz/img/07e6/02/07/22592137_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_e186a316075ddc34685e188b171cf322.jpg
Жазушыны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қала тұрғындары, марқұмның жақындары мен әдебитеттегі әріптестері, мемлекеттік хатшы Ерлан Карин, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Алматы әкімі Ерболат Досаев пен саясаткерлер Бақытжан Сағынтаев, Қырымбек Көшербаев, Иманғали Тасмағамбетов келді. Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып, марқұмның туыстарына табыстады. "Әбдіжәміл Нұрпейісов адам жанын терең түсінетін түрлі тағдырдың бейнесін көркем суреттей отырып оқырманға жеткізген ойлы, кең тынысты жазушы болатын. Өмір бойы қолынан қаламы түскен жоқ. Қазақ елінің рухани-мәдени саласын дамыту жолында өлшеусіз қызмет атқарды. Ол – ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қуатты қаламгер. Өзі де қазақ әдебиетінің партиархына айналды. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің соңында ұрпаққа үлгі, ұлысқа игі болатын шығармалар қалды. Елге ес, сыртқа сес болған жазушының енді екінші өмірі басталды", - делінген мемлекет басшысының көңіл айту хатында. "Нұрпейісов – менің ұстазым, өмірдегі ақылшым, абызым, замандасым және құрдасым. Қандай әзіл айтсам да, жанына бататын әзіл айтсам да, басқа біреуге шап ете қалатын Әбекең маған күліп қана қоя салушы еді. (...) Жетімсіреп қалдым. Кім енді маған "бала" дейді? Сен не істеп жүрсің деп кім маған ұрсады? Шығармаларыңды орысшаға аударғанына мәз болып жүрсің бе, неге қарамайсың дейтін. Қош, Әбеке. Қазағың барда, сен барсың! Сенің орның бөлек. Қазақты әлемге танытқан екі-үш-ақ адам бар, соның бірі өзіңсің. Романнан бастап едің... Ұлылардың ең соңғысы аттанды", - деді Дулат Исабеков. Жазушының туған жері Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жазушы жерлеу рәсіміне қатысуға Сыр елінен бір топ жерлесі келгенін айтты. Сондай-ақ халық жазушысының туған жері Белараннан топырақ әкелінгенін жеткізді. Қаралы жиында марқұмның шығармашылық жолындағы елеулі еңбегін ортаға шығып айтқандар қатарында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, мемлекеттік қайраткер Қырымбек Көшербаев, Иманғали Тасмағамбетов те бар. "Жұлдыз" журналының бас редакторы Мереке Құлкенов пен мемлекет қайраткері Құдайберген Саржанов жазушы туралы естелігін бөлісті. Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов Алматыдағы "Кеңсай - 2" зиратына жерленді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/07/22592137_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_21bd0f8966413c25ed663f1e94bb72fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әбдіжәміл нұрпейісов, қоштасу рәсімі, видео
әбдіжәміл нұрпейісов, қоштасу рәсімі, видео
Алматыда жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасу рәсімі өтті
Алматыда Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасу рәсімі өтті
Жазушыны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қала тұрғындары, марқұмның жақындары мен әдебитеттегі әріптестері, мемлекеттік хатшы Ерлан Карин, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Алматы әкімі Ерболат Досаев пен саясаткерлер Бақытжан Сағынтаев, Қырымбек Көшербаев, Иманғали Тасмағамбетов келді.
Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып, марқұмның туыстарына табыстады.
"Әбдіжәміл Нұрпейісов адам жанын терең түсінетін түрлі тағдырдың бейнесін көркем суреттей отырып оқырманға жеткізген ойлы, кең тынысты жазушы болатын. Өмір бойы қолынан қаламы түскен жоқ. Қазақ елінің рухани-мәдени саласын дамыту жолында өлшеусіз қызмет атқарды. Ол – ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қуатты қаламгер. Өзі де қазақ әдебиетінің партиархына айналды. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің соңында ұрпаққа үлгі, ұлысқа игі болатын шығармалар қалды. Елге ес, сыртқа сес болған жазушының енді екінші өмірі басталды", - делінген мемлекет басшысының көңіл айту хатында.
"Нұрпейісов – менің ұстазым, өмірдегі ақылшым, абызым, замандасым және құрдасым. Қандай әзіл айтсам да, жанына бататын әзіл айтсам да, басқа біреуге шап ете қалатын Әбекең маған күліп қана қоя салушы еді. (...) Жетімсіреп қалдым. Кім енді маған "бала" дейді? Сен не істеп жүрсің деп кім маған ұрсады? Шығармаларыңды орысшаға аударғанына мәз болып жүрсің бе, неге қарамайсың дейтін. Қош, Әбеке. Қазағың барда, сен барсың! Сенің орның бөлек. Қазақты әлемге танытқан екі-үш-ақ адам бар, соның бірі өзіңсің. Романнан бастап едің... Ұлылардың ең соңғысы аттанды", - деді Дулат Исабеков.
Жазушының туған жері Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жазушы жерлеу рәсіміне қатысуға Сыр елінен бір топ жерлесі келгенін айтты. Сондай-ақ халық жазушысының туған жері Белараннан топырақ әкелінгенін жеткізді.
Қаралы жиында марқұмның шығармашылық жолындағы елеулі еңбегін ортаға шығып айтқандар қатарында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, мемлекеттік қайраткер Қырымбек Көшербаев, Иманғали Тасмағамбетов те бар.
"Жұлдыз" журналының бас редакторы Мереке Құлкенов пен мемлекет қайраткері Құдайберген Саржанов жазушы туралы естелігін бөлісті. Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов Алматыдағы "Кеңсай - 2" зиратына жерленді.