https://sputnik.kz/20220206/pavlodar-politsiya-video-22561443.html
Павлодар полициясы қаңтардағы тәртіпсіздіктердің видеосын жариялады
Павлодар полициясы қаңтардағы тәртіпсіздіктердің видеосын жариялады
Sputnik Қазақстан
Санкцияланбаған митингке қатысқаны үшін облыста 435 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды 06.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-06T11:33+0500
2022-02-06T11:33+0500
2022-05-23T15:24+0500
павлодар облысы
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19102304_0:182:2730:1718_1920x0_80_0_0_472a24fcf0f00275058e10df382f7797.jpg
АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының полиция департаменті жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген видеоны жариялады, ол жерде жиналғандардың әкімдік ғимаратына шабуыл жасағаны сәті түсірілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Павлодарлық полицейлер қаңтарда облыс орталығындағы оқиғаларының хроникасы бар бейнеролик жариялады.Ол жерде бұған дейін жарияланбаған кадрлар бар: тәртіпсіздікке қатысушылардың облыс әкімдігі ғимаратына шабуылы, фронт офисінің қирауы, сондай-ақ жиналғандарды тарату. Бұған дейін қаңтардағы оқиға фактілері бойынша тергеу барысы туралы ақпарат берілді. Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов жаппай тәртіпсіздік пен Павлодар облысы әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасау фактілері бойынша үш қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, бір адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлады. Кейіннен қылмыстық істер Павлодар облысы бойынша ҰҚКД-ға берілді. Облыс әкімдігіне келтірілген шығын 2 млн теңгеден асты. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бейбіт тұрғындар мен құқық қорғаушылар зардап шекпеген. Облыс аумағында дүкендерді тонауға, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлауға, тонау, шағын және орта бизнес объектілерін жою және бүлдіру фактілеріне жол берілмеген. Санкцияланбаған митингке қатысқаны үшін 435 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 324 адам әкімшілік қамауға алынды, 18 адамға айыппұл салынды, 93 азаматқа ескерту жасалды. Төтенше жағдай кезінде коменданттық сағат режимін бұзғаны үшін 2022 жылдың 5-13 қаңтары аралығында 813 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 206 азамат әкімшілік қамауға алынды, 251 адамға айыппұл салынды, 565 азаматқа ескерту жасалды. 682 адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді, содан кейін олар үйлеріне жіберілді.
https://sputnik.kz/20220204/taraz-kyzmettik-kolik-22538879.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19102304_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_5e71a471a23dff2e8175c180c6c4fe01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, тәртіпсіздік
павлодар облысы, тәртіпсіздік
Павлодар полициясы қаңтардағы тәртіпсіздіктердің видеосын жариялады
11:33 06.02.2022 (жаңартылды: 15:24 23.05.2022) Санкцияланбаған митингке қатысқаны үшін облыста 435 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының полиция департаменті жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген видеоны жариялады, ол жерде жиналғандардың әкімдік ғимаратына шабуыл жасағаны сәті түсірілген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Павлодарлық полицейлер қаңтарда облыс орталығындағы оқиғаларының хроникасы бар бейнеролик жариялады.
Ол жерде бұған дейін жарияланбаған кадрлар бар: тәртіпсіздікке қатысушылардың облыс әкімдігі ғимаратына шабуылы, фронт офисінің қирауы, сондай-ақ жиналғандарды тарату.
Бұған дейін қаңтардағы оқиға фактілері бойынша тергеу барысы туралы ақпарат берілді. Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов жаппай тәртіпсіздік пен Павлодар облысы әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасау фактілері бойынша үш қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, бір адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлады.
Кейіннен қылмыстық істер Павлодар облысы бойынша ҰҚКД-ға берілді. Облыс әкімдігіне келтірілген шығын 2 млн теңгеден асты. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бейбіт тұрғындар мен құқық қорғаушылар зардап шекпеген.
Облыс аумағында дүкендерді тонауға, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлауға, тонау, шағын және орта бизнес объектілерін жою және бүлдіру фактілеріне жол берілмеген.
Санкцияланбаған митингке қатысқаны үшін 435 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 324 адам әкімшілік қамауға алынды, 18 адамға айыппұл салынды, 93 азаматқа ескерту жасалды.
Төтенше жағдай кезінде коменданттық сағат режимін бұзғаны үшін 2022 жылдың 5-13 қаңтары аралығында 813 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 206 азамат әкімшілік қамауға алынды, 251 адамға айыппұл салынды, 565 азаматқа ескерту жасалды. 682 адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді, содан кейін олар үйлеріне жіберілді.