https://sputnik.kz/20220206/ekologtar-kaspiy-teniz-kaldyk-22566021.html
Экологтар Каспий теңізіне қалдық су төгіліп жатыр деген ақпаратқа түсініктеме берді
Экологтар Каспий теңізіне қалдық су төгіліп жатыр деген ақпаратқа түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Сараптама үшін учаскеден су сынамалары алынды, жағдайға баға беру үшін түрлі саланың мамандары тартылды 06.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-06T16:08+0500
2022-02-06T16:08+0500
2022-02-06T16:08+0500
өңірлер
каспий
теңіз
https://sputnik.kz/img/497/10/4971041_0:219:4288:2631_1920x0_80_0_0_145beb7937ad3d3bc0b9f5c308b34b74.jpg
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Желіде құбыр арқылы Каспий теңізіне қалдық су қосылып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Видео авторы осылайша жуынды-шайындыны теңізге құйып жатыр деген болжам жасаған.Видеода шамамен курорттық қонақ үй аумағынан теңізге дейін созылатын құбыр табылғаны айтылған.Маңғыстау облысының экология департаменті зертханалық-талдау мониторингі бөлімінің мамандары учаскеден су сынамалары алынғаны мәлімдеді."Қазір тәуелсіз экологтарды, қоғам белсенділерін және "Экожер" экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы Маңғыстау облысы экологиялық кеңесінің мүшелерін осы жағдайға объективті баға беру үшін тарту жоспарланып отыр", – деді Маңғыстау облысы экология департаменті өкілдері inaktau.kz басылымына.Сондай-ақ тексеруге су инспекциясының, балық шаруашылығы басқармасының, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары тартылады. Олар өз құзыреті бойынша құқықтық баға береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/497/10/4971041_246:0:4043:2848_1920x0_80_0_0_f22de2bc9e11147f77cae254fbc4e590.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, теңіз
Экологтар Каспий теңізіне қалдық су төгіліп жатыр деген ақпаратқа түсініктеме берді
Сараптама үшін учаскеден су сынамалары алынды, жағдайға баға беру үшін түрлі саланың мамандары тартылды
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Желіде құбыр арқылы Каспий теңізіне қалдық су қосылып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Видео авторы осылайша жуынды-шайындыны теңізге құйып жатыр деген болжам жасаған.
Видеода шамамен курорттық қонақ үй аумағынан теңізге дейін созылатын құбыр табылғаны айтылған.
"Бұл құбырлар арқылы қонақ үйден шыққан барлық қалдық теңізге төгіліп жатыр", – дейді видео авторы.
Маңғыстау облысының экология департаменті зертханалық-талдау мониторингі бөлімінің мамандары учаскеден су сынамалары алынғаны мәлімдеді.
"Қазір тәуелсіз экологтарды, қоғам белсенділерін және "Экожер" экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы Маңғыстау облысы экологиялық кеңесінің мүшелерін осы жағдайға объективті баға беру үшін тарту жоспарланып отыр", – деді Маңғыстау облысы экология департаменті өкілдері
inaktau.kz басылымына.
Сондай-ақ тексеруге су инспекциясының, балық шаруашылығы басқармасының, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары тартылады. Олар өз құзыреті бойынша құқықтық баға береді.