https://sputnik.kz/20220206/darigerler-zhalakysy-ministr-22558973.html
Дәрігерлердің жалақысы жыл сайын өсетін болады – министр
Дәрігерлердің жалақысы жыл сайын өсетін болады – министр
Sputnik Қазақстан
Ведомство басшысы өз тарапынан медицина қызметкерлерін қолдау үшін барлық күш-жігерді жұмсайтынын айтты 06.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-06T08:40+0500
2022-02-06T08:40+0500
2023-08-10T12:26+0500
қоғам
жалақы
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e5/06/12/17382587_0:102:1961:1205_1920x0_80_0_0_868f3e161246a4eaa935abf386356e8d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының Шортанды аудандық ауруханасында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлері ұжымымен кездесу өткізді.Онда министр денсаулық сақтау саласында орын алатын өзгерістер туралы айтты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.Ол сапар барысында келген үш дәрігерлік амбулаторияның тамаша кадрлық құрамын ерекше атап өтті. "Менің ойымша, мұндай дәрігерлер бар пациенттердің жолы болғыш. Олар өз ісіне шын берілген, әйтсе де осындай кадрларды бағалап, оларға бар жағдайды жасау керек, әйтпесе олар елордаға кетуі мүмкін", - деді министр Шортанды ауданының әкіміне. Ведомство басшысы өз тарапынан медицина қызметкерлерін қолдау үшін барлық күш-жігерді жұмсайтынын айтып, еңбекақыны арттыру жыл сайын жүргізілетінін еске салды. Сонымен қатар министр денсаулық сақтау жүйесіндегі басқа да жаңалықтар туралы айтып берді. "Медицина қызметкерлерінің санатына қатысты өзгерістер күтілуде, олар біліктілік деңгейіне ауыстырылады. Сол 4 деңгей әрі қарай қала береді, тек белгілі бір критерийлер бойынша өзінің сәйкестігін дәлелдеу қажет болады", - деп хабарлады министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/12/17382587_109:0:1852:1307_1920x0_80_0_0_a9bf070cb33c96d8c670413cdb6f4e49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, дәрігер
Дәрігерлердің жалақысы жыл сайын өсетін болады – министр
08:40 06.02.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) Ведомство басшысы өз тарапынан медицина қызметкерлерін қолдау үшін барлық күш-жігерді жұмсайтынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының Шортанды аудандық ауруханасында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлері ұжымымен кездесу өткізді.
Онда министр денсаулық сақтау саласында орын алатын өзгерістер туралы айтты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
"Менің келуімнің мақсаты - тексеру емес, тікелей диалог құру, мәселелеріңізді талқылау, пациенттерді тыңдау. Кабинетте отырып қана, дұрыс шешім қабылдай алмаймын, өйткені ауылдық денсаулық сақтаудың барлық мәселелерінің тереңдігін сіздерден артық ешкім білмейді", - деп атап өтті Ғиният аурухана ұжымына.
Ол сапар барысында келген үш дәрігерлік амбулаторияның тамаша кадрлық құрамын ерекше атап өтті.
"Менің ойымша, мұндай дәрігерлер бар пациенттердің жолы болғыш. Олар өз ісіне шын берілген, әйтсе де осындай кадрларды бағалап, оларға бар жағдайды жасау керек, әйтпесе олар елордаға кетуі мүмкін", - деді министр Шортанды ауданының әкіміне.
Ведомство басшысы өз тарапынан медицина қызметкерлерін қолдау үшін барлық күш-жігерді жұмсайтынын айтып, еңбекақыны арттыру жыл сайын жүргізілетінін еске салды.
Сонымен қатар министр денсаулық сақтау жүйесіндегі басқа да жаңалықтар туралы айтып берді.
"Медицина қызметкерлерінің санатына қатысты өзгерістер күтілуде, олар біліктілік деңгейіне ауыстырылады. Сол 4 деңгей әрі қарай қала береді, тек белгілі бір критерийлер бойынша өзінің сәйкестігін дәлелдеу қажет болады", - деп хабарлады министр.