Денсаулық

Он күнде он жылға қартаяды: COVID-19 адамның ағзасына қалай әсер етеді

© Sputnik / Антон Вергун / Медиабанкке өтуМедицинские работники, архивное фото
Медицинские работники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2022
Жазылу
Коронавирус адамның биологиялық жасына қалай әсер етеді және аурудың ағзаға әсерін азайтуға бола ма деген сұрақтарға маман жауап берді
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. COVID-19 жұқтырған адамның ағзасы он күн ішінде он жылға қартаяды.
Мұндай пікірді молекулалық биолог, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жетекші ғылыми қызметкері Максим Скулачев айтты.
Бұл процеске қалай әсер етуге болатынын маман Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.
Маман коронавирус инфекциясы көптеген адам үшін қауіпті екенін, ең алдымен егде жастағы адамдардың өміріне қауіп төндіретінін атап өтті. Себебі COVID-19 тез қартаюға әкеледі.
Максим Скулачевтің айтуынша, науқас адамның ағзасы он күн ішінде жүктемені сезінеді, ал әдетте бұл жүктеме он жылға бөлінген.

"Егер адам вакцина салдырмаған болса және COVID-19 жұқтырса, онда алдағы он жылда бетпе-бет келуі мүмкін болған денсаулыққа қатысты өзгерістерді өткереді. Ол вирус жұқтырған он күн ішінде анық сезіледі. Бір жағынан бұл өте жылдам қартаюға ұқсайды. COVID-19 жұқтырғандар арасында егде жастағы адамдардың қайтыс болуы жастарға қарағанда көп тіркеледі", – деді Максим Скулачев.

Дәрігерлер бұл процесті өзгерте алмайды, бірақ Скулачев COVID-19 салдарынан "жоғалған" жылдарды қайтаруға болады деп санайды.
"COVID-19 инфекциясынан жазылғаннан кейінгі кезең адамның қартаюына ұқсас, бірақ адамдар одан жазыла алады. COVID-19 кезінде де, жазылған соң да адам өзін жайсыз сезінеді, содан кейін адам бірте-бірте өзінің биологиялық жасына оралады. Айтуға әлі ерте, бірақ егер адам аурудан кейін қалпына келе алса, жедел қартаю да қалпына келеді деп сенуге негіз бар", – деді Максим Скулачев.
Маман вакцина салдырғандардың ағзасында қартаю процесі аз байқалатынын, себебі олардың ауруды жеңіл өткізетінін алға тартты.
Люди в масках на улицах Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Денсаулық
Маман коронавирусқа төтеп беретін антидене мөлшерін атады
Жаңалықтар
0