Өңірлер

Щучинскте алты "Газель" өртеніп кетті

© AP Photo / Noah BergerГорящие дом и автомобиль в округе Напа в Калифорнии во время лесных пожаров
Горящие дом и автомобиль в округе Напа в Калифорнии во время лесных пожаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2022
Жазылу
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Щучинск қаласында модульдік үлгідегі гаражда өрт шықты.
6 ақпанда сағат таңғы сегізде Щучинск қаласында гараж өртенді. Ол жалпы ауданы 290 шаршы метр болатын 4 металл контейнерден тұрады.
"Өрт 8-47-де ауыздықталып, 9-22-де сөндірілді. Өрт салдарынан "Газель" маркалы 6 автомобиль жанып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен 4 техника шықты.
Жаңалықтар
0