Өңірлер

Түркістан облысы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

© polisia.kzТүркістан облысы полиция департаментінің бастығы болып Мұрат Қабденов тағайындалды
Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болып Мұрат Қабденов тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы болып Мұрат Қабденов тағайындалды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Мұрат Қабденов тағайындалды ", – делінген ақпаратта.
Айта кетері, мұның алдында Түркістан облысы полиция департаменті бастығының қызметін атқарған Қайрат Дәлбеков Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Мұрат Талапұлы Қабденов құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді.
Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының ІІД, ІІМ әкімшілік полиция комитетін басқарды, сондай-ақ ішкі істер министрінің кеңесшісі болды.
2017 жылдан бастап ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Жаңалықтар
0