Өңірлер

Жеті өңірде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка идет по дорожке в туманном парке, где деревья покрыты инеем
Девушка идет по дорожке в туманном парке, где деревья покрыты инеем - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2022
Жазылу
Кейбір өңірде қатты жел соқса, бірқатар облыста көктайғақ болып, тұман түседі
НҰР-CҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Синоптиктер ауа райына байланысты жеті өңірде және Шымкент қаласында дабылды ескерту жариялады.
6 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. 07 ақпанда облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, және таулы аудандарында күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с –ке жетеді. Тараз қаласында 6-7 ақпанда тұман, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с–ке жетеді . Қызылорда қаласында 6 ақпанда көктайғақ, бұрқасындатады. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 6 ақпанда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с–ке жетеді.
Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз бұрқасындатады. Желдің бағыты шығыстан батысқа ауысады, облыстың орталығында және оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз 6 ақпанда бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
6 ақпанда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктерлі аудандарда күші 17-22 м/с, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, тау асуларында екпіні 30 м/с және одан асады. Түркістан қаласында 6 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с.
Шымкент қаласында 6 ақпанда күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с.
Заснеженная аллея в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Өңірлер
Ақпанда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0