Қоғам

Аймағамбетов байқауда жеңіске жеткен 50 ғалымға 6 миллион теңгеден табыстады

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге, ақша
Теңге, ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2022
Жазылу
3 мыңға жуық ғалым жобасына грант ұтқан-ұтпағанына қарамастан тұрақты түрде жалақы алады, деді министр
АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. Елордада "Үздік ғылыми қызметкер – 2021" байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, жеңімпаздар 6 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы алды. Лауреаттарға төсбелгілер мен сертификаттарды министр Асхат Аймағамбетов табыстады.
Айта кетері, мұндай байқау алғаш рет өткізіліп отыр. Алты ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орындарының 50 ғалымы жеңімпаз атанды.
"Биылдан бастап отандық ғылым саласы дамуының жаңа кезеңі басталды. 3 мыңға жуық ғалым жобасына грант ұтқан-ұтпағанына қарамастан тұрақты түрде жалақы алады. Тұрақты қаржыландыру зерттеулерді кедергісіз жүргізуге мүмкіндік береді. Грант және мақсатты қаржыландыру механизмін өзгерттік. Соңғы жылдары ғылым саласын қаржыландыру екі есе өсті", – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ министр жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетіліп, ұлттық ғылыми-зерттеу институттарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатқанын айтты. Енді ғалымдар жетекші ғылыми орталықтарға тәжірибеден өтуге жіберіледі, ғылым саласындағы бюрократияны тоқтату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Байқауға өтінімдер арнайы құрылған платформада қабылданды. Құжаттарды тексеру комиссиясының құрамына сарапшылар, ғалымдар, ғылым академиясының өкілдері, Жас ғалымдар кеңесі және Жас ғалымдар альянсы мүшелері, ғылыми ұйым мүшелері енді.
Министр образования Казахстана Асхат Аймагамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Білім
Аймағамбетов ғылым саласында енгізілген өзгерістерді атады
Жаңалықтар
0