Білім

Қазақстандық студенттер пайдаланылған сұйық майдан биоотын жасап шығарды

© Photo : ҚР БҒМ баспасөз қызметіҚазақстандық студенттер биоотын жасап шығарды
Қазақстандық студенттер биоотын жасап шығарды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Жазылу
Биоотын экологиялық таза әрі тиімді, оның үстіне арзан, қауіпсіз және тасымалдауға ыңғайлы
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері пайдаланылған өсімдік майынан биоотын жасап шығарды.
Жас ғалымдар Назерке Халел мен Муниса Сайдиғаниеваның жобасы халықаралық конференцияда жүлделі орын иеленді, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Жобаға ҚазҰПУ докторанты Гүлсара Ақанова жетекшілік еткен. Ол экологиялық таза биоотын өндірудің бірегей технологиясын жасаумен бірнеше жыл бойы айналысып келеді.
"Қазір көптеген ел биоотынға көшіп жатыр. Шетелде, негізінен, қант қамысы, жүгері сияқты әртүрлі өсімдіктерден өндіреді. Біз биоотын алу бойынша өз технологиямызды ойлап таптық. Жылдам тамақтану мейрамханаларында өсімдік майы көп пайдаланылады, тамақ пісіргеннен кейін ол жарамсыз болып қалады. Ал біз оны қайта өңдеуді ұсынамыз", - дейді Гүлсара Ақанова.
Биоотын жасау үшін өсімдік майын ұсақ қоспалардан тазартып, сілтілі катализатор мен этил спиртін қосады.
Министрлік жас ғалымдардың жобасы бірқатар экологиялық және экономикалық мәселелерді шешетінін атап өтті. Өйткені биоотын экологиялық таза әрі тиімді, сондай-ақ арзан, қауіпсіз және тасымалдауға ыңғайлы.
Установка датчиков метеостанции ТОО Павлодарская сельскохозяйственная опытная станция - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2021
Экономика
Қуаңшылықпен күрес: ғалымдар жерді суарудың жаңа технологиясын ойлап тапты
Пайдаланылған өсімдік майынан биоотын алу технологиясы жас ғалымдар мен студенттердің "Фараби әлемі" халықаралық конференциясында үздік деп танылды. Әзірге бұл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттерінің алғашқы ғылыми жетістігі.
Алдағы уақытта Назерке мен Муниса жобаларын жетілдіріп, стартап жобаларға қатысуды жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
0