https://sputnik.kz/20220204/pavlodarda-tanymal-khirurg-qyzmetinen-bosatyldy-22531013.html
Павлодарда танымал хирург қызметінен босатылды
Павлодарда танымал хирург қызметінен босатылды
Sputnik Қазақстан
Медициналық мекеменің басшысы қаржылық заңбұзушылық жасады деген күдікке ілінді 04.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-04T13:25+0500
2022-02-04T13:25+0500
2022-02-04T13:25+0500
өңірлер
хирург
https://sputnik.kz/img/884/80/8848078_0:148:2861:1757_1920x0_80_0_0_0d4bb1194ac797f6a162be3447ea9fae.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы кардиологиялық орталықтың директоры Әділжан Әлбазаровпен арадағы еңбек келісімшартты бұзды.Басқарма басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, танымал кардиологпен еңбек келісімшартын бұзудың бірнеше себебі бар.Орталық директорымен еңбек шарты бұзылғаннан кейін Әділжан Әлбазаровқа хирург ретінде қалуға ұсыныс жасалған. Бірақ ол бас тартқан."Әділжан Әлбазаров мықты хирург, бірақ менеджер ретінде медициналық мекемені басқара алмады. Мәселен, бір жыл бұрын Екібастұздан жеткізілген ангиограф аспабы 400 миллион теңге тұрады. Бірақ оны әлі күнге дейін іске қоспаған. Былтыр кардиологиялық орталық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көмек көрсету бойынша мемлекеттік тапсырысқа уақытында құжат жібермеді. Соның салдарынан конкурсты екінші рет өткізуге тура келді. Әйтпесе науқастар медициналық көмексіз, ал қызметкерлер жалақысыз қалатын еді. Мәселе шешілді. Бірақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бәрібір орталыққа айыппұл салды", - деп атап өтті басқарма басшысы.Кардиологиялық орталыққа ақша бөлінсе де, жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, алдағы уақытта ота жасайтын хирургтерді директор қызметіне қою мәселесі қайта қаралып, жүйеге өзгеріс енгізілуі мүмкін.Айта кетері, кардиологиялық орталықтың бұрынғы басшысы Ораз Мұқашев мекеменің дамуына біраз еңбек сіңірді. Одан кейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып кетті. Бірақ жемқорлық жасағаны үшін сотталды. Кардиологиялық орталықты басқарған Әділ Дюржановты да сан алуан тәртіп бұзушылықтар үшін айыптады. Содан ол декреттік демалысқа шығып кетті. Енді Әділжан Әлбазаровпен еңбек шарты бұзылып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/884/80/8848078_161:0:2700:1904_1920x0_80_0_0_fb8cd8fc3aa50c5f42ef1188c8bed69f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хирург
Павлодарда танымал хирург қызметінен босатылды
Медициналық мекеменің басшысы қаржылық заңбұзушылық жасады деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы кардиологиялық орталықтың директоры Әділжан Әлбазаровпен арадағы еңбек келісімшартты бұзды.
Басқарма басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, танымал кардиологпен еңбек келісімшартын бұзудың бірнеше себебі бар.
"Ішкі аудит қызметі кардиологиялық орталыққа тексеріс жүргізді. Сол кезде қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Директор тексерістің нәтижесімен танысты. Одан кейін барлық материал экономикалық тергеулер департаментіне жіберілді. Соның негізінде қылмыстық іс қозғалды", - дейді Сейітқазинов.
Орталық директорымен еңбек шарты бұзылғаннан кейін Әділжан Әлбазаровқа хирург ретінде қалуға ұсыныс жасалған. Бірақ ол бас тартқан.
"Әділжан Әлбазаров мықты хирург, бірақ менеджер ретінде медициналық мекемені басқара алмады. Мәселен, бір жыл бұрын Екібастұздан жеткізілген ангиограф аспабы 400 миллион теңге тұрады. Бірақ оны әлі күнге дейін іске қоспаған. Былтыр кардиологиялық орталық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көмек көрсету бойынша мемлекеттік тапсырысқа уақытында құжат жібермеді. Соның салдарынан конкурсты екінші рет өткізуге тура келді. Әйтпесе науқастар медициналық көмексіз, ал қызметкерлер жалақысыз қалатын еді. Мәселе шешілді. Бірақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бәрібір орталыққа айыппұл салды", - деп атап өтті басқарма басшысы.
Кардиологиялық орталыққа ақша бөлінсе де, жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, алдағы уақытта ота жасайтын хирургтерді директор қызметіне қою мәселесі қайта қаралып, жүйеге өзгеріс енгізілуі мүмкін.
Айта кетері, кардиологиялық орталықтың бұрынғы басшысы Ораз Мұқашев мекеменің дамуына біраз еңбек сіңірді. Одан кейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып кетті. Бірақ жемқорлық жасағаны үшін сотталды. Кардиологиялық орталықты басқарған Әділ Дюржановты да сан алуан тәртіп бұзушылықтар үшін айыптады. Содан ол декреттік демалысқа шығып кетті. Енді Әділжан Әлбазаровпен еңбек шарты бұзылып отыр.