Мәскеудегі неміс радиохабар тарату мекемесінің жұмысы тоқтайды
© Sputnik / Тимур Батыршин Sector X - радиостанция со слабовидящими ведущими
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жазылу
ГФР сыртқы істер министрінің Мәскеу іссапары кезінде неміс мемлекеті ресейлік RT DE сайтының жұмыстарын шектесе, Ресей де DW-ге қатысты қарсы шара қолданатыны туралы ескертілген
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. "Неміс толқыны" (Deutsche Welle, DW), ГФР федералды мемлекеттік мекемесі КСРО-да 1962 жылы радиохабар таратуды бастады. Кеңес уақытында қысқа толқынды радиосигнал ақаумен жұмыс істеп тұрды.
Ал Ресей Федерациясының кезеңінде интернет пен спутник ескірген радиохабар тарату жүйесін ығыстырып тастады, деп жазды РИА Новости.
Федералды мекеменің 60 жылдығы қарсаңында "Неміс толқыны" мәскеулік бюросының басшысы Юрий Решето Ресей сыртқы істер министрлігінен тілшілер пунктін жұманың таңына дейін жауып, қызметкерлердің аккредитациясын қайтару туралы ескерту алды.
Аккредитация ұсынатын тараптың бұл шешімі неміс тілшілері үшін күтпеген жағдай болса керек, деп жазды ресейлік БАҚ. Бірақ, 2 ақпанда Ресейдің сыртқы істер министрлігі Германияда RT DE телеарнасының жұмысына тыйым салынуына жауап ретінде нақты қандай шара қолданатынын ашық мәлімдеген болатын.
РИА Новости ресейлік тарап қолданатын шаралар тізімін ұсынды.
Олар:
DW тілшілер кеңсесінің жабу;
DW бюросының барлық қызметкерлерінің аккредиттациясын тоқтату;
Ресей аумағында DW спутниктік және басқа да хабар таратуды тоқтату;
DW мекемесін шетелдік агент ретінде әрекет ететін шетелдік БАҚ ретінде тану туралы мәселені қарастыруға бастама көтеру;
Ресей аумағына кіруге тыйым салынатын RT DE хабар таратуын шектеуге қатысы бар ГФР мемлекеттік және қоғамдық құрылымдары өкілдерінің жария етілмейтін тізімін дайындау.
Ресейлік сайтта жарияланған мақала авторы мұны аяқ асты қабылданған шара деуге болмайтынын атап көрсеткен. Себебі, осы жылдың 18 қаңтарында Германия федеративті республикасының сыртқы істер министрі Аннаелена Бербок Мәскеуге іссапармен келгенде, оған неміс мемлекеті ресейлік RT DE сайтының жұмыстарын шектесе, Ресей де DW-ге қатысты қарсы шара қолданатыны туралы ескертілді.
Бұл процесті кері қайтаруға орыстар екі апта уақыт бергенімен, ешқандай оң өзгеріс байқалмады.
"Аннаелена Бербок ресейлік сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавровтың бұл ескертуін елемеген болар. Осылайша Мәскеу сөзден іске көшетініне сенім болмағаны байқалады", - деп жазылған ресейлік сайтта.
Бірақ бұл жолғы ескерті құр сөз емес екені белгілі болды. Негізінде, дипломат серіктесінің ойы қаншалықты жүзеге асатынын, алаңдаушылығы қаншалықты маңызды екенін бағалай білуі керек.
Өйткені айтылған сөзді жете бағаламау немесе маңызды мәлімдемеге қарамастан табандылықпен өз дегенінде тұру жақсылыққа алып келмейді. РИА Новости тілшісі Мәскеудің сөзден іске көшкені соңғы уақытта анық байқалып жатқанын айтты. Өткен жылдың қаңтарында Алексей Навальный өзін қамауға алуы екіталай екенін ашық айтқанымен, іс жүзінде Ресей қылмыстық-процестік кодекстің нормалары әрбір күдіктіге немесе қылмысқа жауапты адамға қатысты қолданылатынын аңғартты.
Жалпы қазіргі жағдайда DW бас директоры герр Лимбур "біздің не кінәміз бар?" деп таңданыс танытып, "ресейлік билік қабылдаған шаралар шамадан тыс және түсініксіз" деген мәлімдеме жасады. Ал Неміс журналистер одағы (DJV) ГФР үкіметін бұл "цензура актісіне" қатаң түрде жауап қайтаруға шақырып отыр.
"Бірақ олар дипломатиялық қарым-қатынастың жазылмаған нормалары бір тараптың әрекетіне жауап ретінде екінші тарап дәл сондай әрекетке көшетінінен бейхабар болуы керек", - деп жазылған РИА Новости сайтында.