https://sputnik.kz/20220204/maman-kyzanak-koma-22528881.html
"Адам комаға түседі": маман қызанақтың қаупі туралы айтты
"Адам комаға түседі": маман қызанақтың қаупі туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Әсіресе қызанақ шырыны мен пастасымен қатты әуестенбеген дұрыс 04.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-04T12:24+0500
2022-02-04T12:24+0500
2022-02-04T12:24+0500
денсаулық
қызанақ
https://sputnik.kz/img/07e5/01/13/16070248_0:8:1281:728_1920x0_80_0_0_a3ddac5ee1d2762fc1fcc675c13e86af.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан - Sputnik. Басқа көкөністер секілді қызанақтың улылығы оны өсіру әдісіне және пісуіне байланысты болады.Сапасыз жемісті тұтыну денсаулыққа орасан зор зиян келтіруі мүмкін, деп түсіндірді нутрицолог Мария Розанова.Оның айтуынша, қызанақтың құрамында пайдалы зат өте көп екеніне қарамастан белгілі бір жағдайда ол улануға алып келуі мүмкін.Дәрігер көкөністі өсіру кезінде тыңайтқыш мөлшерін нормадан асырса, онда қызанақ құрамында нитраттар жиналуы мүмкін екенін айтты.Жете піспеген көкөністе соланин, яғни улы органикалық қосынды болады. Бұл қауіпті зат жете піспеген картоп құрамында да кездеседі. Алайда бір қызанақ құрамында соланин өте аз мөлшерде болатындықтан адам улануы үшін бірнеше килограмм көкөніс жеуіне тура келеді."Алайда жете піспеген көкөністің көп мөлшерін шырын немесе паста дайындау үшін қолданса, онда сәйкесінше дайын өнім құрамында ағза үшін улы зат қауіпті көлемде болады. Ондай жағдайда адам комаға түсіп қалуы мүмкін" – деп ескертті Розанова.Нутрицолог толық піскен және сертификаты бар ірі дүкеннен сатып алынған көкөністі жеуге кеңес берді. Сондай-ақ ол көкөністі жуып жеу мен оның қабығын тазалаудың маңызды екенін еске салды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/13/16070248_58:0:1197:854_1920x0_80_0_0_96d6888a4b33577d51f22d5cac133226.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызанақ
"Адам комаға түседі": маман қызанақтың қаупі туралы айтты
Әсіресе қызанақ шырыны мен пастасымен қатты әуестенбеген дұрыс
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан - Sputnik. Басқа көкөністер секілді қызанақтың улылығы оны өсіру әдісіне және пісуіне байланысты болады.
Сапасыз жемісті тұтыну денсаулыққа орасан зор зиян келтіруі мүмкін, деп түсіндірді нутрицолог Мария Розанова.
Оның айтуынша, қызанақтың құрамында пайдалы зат өте көп екеніне қарамастан белгілі бір жағдайда ол улануға алып келуі мүмкін.
"Егер қызанақ жол бойында немесе химиялық кәсіпорын жанында өскен болса, онда оның құрамында ауыр металл болуы мүмкін. Бұл улануға алып келуі ықтимал. Сондай-ақ мұндай көкөністі көп мөлшерде жеу бүйректе немесе өт қабында тас түзілуіне себепші болады", - деді сарапшы 5-tv.ru арнасына берген сұхбатында.
Дәрігер көкөністі өсіру кезінде тыңайтқыш мөлшерін нормадан асырса, онда қызанақ құрамында нитраттар жиналуы мүмкін екенін айтты.
Жете піспеген көкөністе соланин, яғни улы органикалық қосынды болады. Бұл қауіпті зат жете піспеген картоп құрамында да кездеседі. Алайда бір қызанақ құрамында соланин өте аз мөлшерде болатындықтан адам улануы үшін бірнеше килограмм көкөніс жеуіне тура келеді.
"Алайда жете піспеген көкөністің көп мөлшерін шырын немесе паста дайындау үшін қолданса, онда сәйкесінше дайын өнім құрамында ағза үшін улы зат қауіпті көлемде болады. Ондай жағдайда адам комаға түсіп қалуы мүмкін" – деп ескертті Розанова.
Нутрицолог толық піскен және сертификаты бар ірі дүкеннен сатып алынған көкөністі жеуге кеңес берді. Сондай-ақ ол көкөністі жуып жеу мен оның қабығын тазалаудың маңызды екенін еске салды.