https://sputnik.kz/20220204/kazakstan-mamandyktar-suranys-22534452.html
Қазақстан нарығында қай мамандықтарға сұраныс жоғары
Қазақстан нарығында қай мамандықтарға сұраныс жоғары
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің саны биыл шамамен 7 миллион адамды құрайды 04.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-04T15:38+0500
2022-02-04T15:38+0500
2022-02-04T15:38+0500
қоғам
жұмыс
мамандықтар
https://sputnik.kz/img/772/76/7727650_0:224:4001:2474_1920x0_80_0_0_6bfd1048052e591acf962740d8c79102.jpg
АЛМАТЫ, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстанда күзетші, бухгалтер, сатушы мен жүргізушілерге деген сұраныс әлі де жоғары. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай деректі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ болжамдау департаменті жариялады.Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің саны 6,8-6,9 млн адамды құрайды. Жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 188,6 мың адамды құрайды, оның жартысы жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру сұранысына сай келеді. Өңірлер бойынша сұраныс Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында көп. Салалар бойынша білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда бағыттарының қызметкерлері көбірек талап етіледі. Сарапшылардың айтуынша, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды ескеріп, жалпы еңбекке қабілетті жастағы халық саны 2022 жылы 11,4 млн адамға жетеді (2021 жылмен салыстырғанда 98 мыңға өседі). 2022 жылы жұмыс күшінің саны 9,2-9,3 млн адамды құрайды, яғни жалпы өткен жылдың деңгейінде сақталады. Алайда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласында экономикалық белсенді халықтың жиынтық саны осы қалалардағы жастар үлесінің артуы салдарынан және көші-қон себептері бойынша 54 мың адамға өседі. Сондай-ақ болжамдарға сәйкес, жұмыссыздар саны 461-465 мың адам деңгейінде болады, ал жұмыссыздық деңгейі 5%-тен аспайды.Оқи отырыңыз: Жастар мемлекеттік бағдарламалардан мүлде бейхабар – мемлекет басшысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/772/76/7727650_202:0:3797:2696_1920x0_80_0_0_ecd16d1338dd7d81b349071044ac14bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс, мамандықтар
Қазақстан нарығында қай мамандықтарға сұраныс жоғары
Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің саны биыл шамамен 7 миллион адамды құрайды
АЛМАТЫ, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстанда күзетші, бухгалтер, сатушы мен жүргізушілерге деген сұраныс әлі де жоғары.
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай деректі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ болжамдау департаменті жариялады.
Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің саны 6,8-6,9 млн адамды құрайды. Жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 188,6 мың адамды құрайды, оның жартысы жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру сұранысына сай келеді.
"Сонымен қатар күзетшілер, бухгалтерлер, сатушылар мен жүргізушілер еңбек нарығында жаппай сұраныста", - делінген ақпаратта.
Өңірлер бойынша сұраныс Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында көп.
Салалар бойынша білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда бағыттарының қызметкерлері көбірек талап етіледі. Сарапшылардың айтуынша, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды ескеріп, жалпы еңбекке қабілетті жастағы халық саны 2022 жылы 11,4 млн адамға жетеді (2021 жылмен салыстырғанда 98 мыңға өседі).
2022 жылы жұмыс күшінің саны 9,2-9,3 млн адамды құрайды, яғни жалпы өткен жылдың деңгейінде сақталады. Алайда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласында экономикалық белсенді халықтың жиынтық саны осы қалалардағы жастар үлесінің артуы салдарынан және көші-қон себептері бойынша 54 мың адамға өседі.
Сондай-ақ болжамдарға сәйкес, жұмыссыздар саны 461-465 мың адам деңгейінде болады, ал жұмыссыздық деңгейі 5%-тен аспайды.