Видео

Джеки Чан Ұлы қытай қорғанында Олимпиада алауын алып жүрді

Жазылу
Гонконг актері Джеки Чан Бейжіңнің Янцин ауданындағы Ұлы қытай қорғанының Бадалин учаскесінде 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары алауының эстафетасына қатысты
"Бейжің-2022" ұйымдастыру комитетінің мәліметі бойынша Джеки Чан эстафетаның екінші күні 1,47 шақырым қашықтыққа алауды алып барған 40 факел ұстаушының бірі болды.
Олимпиада алауын 1200-ге жуық адам алып жүретіні хабарланды. Олардың ең егдесі 86 жаста болса, ең жасы 14 жаста.
Ұлы қытай қорғанының Бадалин учаскесі келушілер арасында ерекше танымал. Бұл – қабырғаның жақсы сақталған бөліктерінің бірі. Бадалин учаскесіне жету оңай және оның қабырғаларымен жүру қиындық тудырмайды. Ол теңіз деңгейінен мың метрден астам биіктікте орналасқан. Мұнда әртүрлі мемлекеттің 370-тен астам басшысы мен лауазымды тұлғалары келген. Ежелгі уақытта Бадалин учаскесінің ерекше стратегиялық маңызы болды.
Джеки Чан – актер, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, трюктер мен жекпе-жек сахнасын қоюшы. Ол – көпшіліктің сүйікті актері және әлемдегі ең танымал боевик қаһармандарының бірі.
Жаңалықтар
0