Қоғам

Бекшиннің орнына жаңа басшы тағайындалды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Жазылу
Қасымхан Алпысбайұлын ұжымға денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы таныстырды
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қасымхан Алпысбайұлы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Жаңа басшыны ұжымға денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Батырбек Әбділдин таныстырып, әрі қарай қызметіне табыс тіледі", - делінген хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін бұл лауазымды Жандарбек Бекшин атқарған болатын. Ол зейнет жасына толуына байланысты жыл басында қызметінен босатылды.
Қасымхан Алпысбайұлы 1977 жылдың 21 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы) Түлкібас ауданында дүние келген.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін "гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Орталық-Азия университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Бостандык ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде санитариялық дәрігер болып жұмыс істеді.
2009-2014 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы болды.
2014 жылдан бері Алматы қаласы Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы болып қызмет атқарған.
Жұмыста жеткен жетістіктері үшін "Денсаулық сақтау саласының үздігі", "Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" ведомстволық наградалаымен, "Халық алғысы" медалімен марапатталған.
Жаңалықтар
0