Елорда тынысы

Баспана кезегіне тұруға өтініш енді тек egov.kz арқылы қабылданады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегіне тұру үшін тек электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦП) ғана қажет
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Халыққа қызмет көрсету орталықтары енді баспана кезегіне тұруға өтініш қабылдамайды.

"ХҚКО-лар бұдан былай тұрғын үйге кезекке тұруға өтінім қабылдамайды. Енді кезекке қою тек электронды портал – www.egov.kz арқылы жүргізіледі", - деп хабарлайды елорда әкімдігінің "Тұрғын үй қоры".

Портал арқылы баспана кезегіне тұру үшін тек электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦП) қажет. Кірістер, тұрғылықты мекенжай, қай санатқа жататыны туралы барлық деректі база өзі табады.

Тұрғын үй кезегіне кімдер тұра алады:

1.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
2.
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3.
халықтың әлеуметтік осал топтары;
4.
көпбалалы отбасылар;
5.
мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерге кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сайланбалы қызметтерді атқаратын адамдар;
6.
Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына:

ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратындар:
зейнеткерлер;
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар;
I және II топтағы мүгедектер;
оралмандар;
экологиялық зілзала, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан үйінен айырылған адамдар;
мемлекеттік міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары жатады.
Кезекке тұру үшін тағы қандай шарттар бар
Нұр-Сұлтан қаласында баспана кезегіне тұру үшін кемінде үш жыл тұрақты мекенжай тіркеуі болуы қажет.
Кезекке тұрған сәтте және соңғы бес жылда өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде Қазақстан бойынша меншік құқығында тұрғын үй мүлкі болмауға тиіс.
Жаңалықтар
0