Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматыда қару-жарақ дүкендері қалай тоналды – видео

© Photo : Антитеррористический центрТәркіленген қару
Тәркіленген қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Жазылу
Терезе торларын көлікпен бұзып, есіктерді арнайы құралдармен ашқан
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті қару-жарақ дүкендерінің қалай тоналғанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, қаладағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен 1424 атыс қаруы ұрланған.
"Арма -56" қару-жарақ дүкенінің директоры Александр Алексееноктың айтуынша, ұрылар әбден дайындалған. Терезе торларын көлікпен бұзып, есіктерді арнайы құралдармен ашқан.
"Торларды көлікке байлап жұлып алған. Арнайы құрал-жабдықтары, тіпті, арнайы қолғаптары да болды. Кәсіби тұрғыда дайындалған адамдар", - дейді Алексеенок.
Дүкен қоймаларында атыс қарулары мен құрамдас бөлшектері екі бөлек сақталған. Ұрылар бәрін алып кеткен.
Полицейлердің айтуынша, қатерсіздендірілген атуға жарамсыз қарудың арнайы бөлшектері болса, оны қайта жасауға болады және бейбіт халық пен құқық қорғау органдарына қарсы қолдануы мүмкін.
Тәртіп сақшылары ұрланған қару-жарақты іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ өз еркімен тапсыруға үндеді. Ондай адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Жаңалықтар
0