https://sputnik.kz/20220204/almaty-politsiyasy-billklinton-22536961.html
Алматы полициясында қызмет ететін Биллклинтон ерекше есімі жайлы айтты
Алматы полициясында қызмет ететін Биллклинтон ерекше есімі жайлы айтты
Sputnik Қазақстан
Бала кезде Билл деп өзгертім келген: Алматыда АҚШ президентімен аттас полицей қызмет етеді
2022-02-04T16:53+0500
2022-02-04T16:53+0500
2023-08-09T09:42+0500
қоғам
полицей
танымал есімдер
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22535708_0:2:602:340_1920x0_80_0_0_f4780cc0a207bb7f327a69b908074a2a.jpg
АЛМАТЫ, 4 ақпан – Sputnik. Алматыда АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонмен аттас жігіт полицияда қызмет етеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Өсіпов Биллклинтон Серікұлы 25 жаста, полицей әлеуметтік желі арқылы бір күнде танымал болды. Оған ата-анасы берген ерекше есім себеп болған. Бірнеше күн бұрын учаскелік полицейдің фотосы мен аты-жөні жазылған сурет желіде тарады. Polisia.kz хабарлауынша, Биллклинтон отбасындағы жалғыз бала. Бұл есімді оған анасы Қабила Өсіпова берген. Лейтенант ерекше есіміне байланысты бала күнінде қиындықтар болғанын айтты. Жан-жағындағылар мазақ қылған кезде есімін Билл деп өзгерткісі де келген. Кейіннен бұл ойынан айнып, әзіл ретінде қарайтын болған."Иә, мектепте ыңғайсыз болды. Қыздар күліп, мұғалімдер қайталап сұрайтын. Қазір үйреніп кеттім. Есімім өзіме ұнайды, ауыстыру немесе қысқарту ойымда жоқ", - дейді ол. Бала кезінде Билл Клинтон саксофонист болуды армандаған. Дәл сол секілді Биллклинтон да музыкант болғысы келген. "Билл Клинтон саксофонда ойнай алады, ал мен үйрене алмадым. Бала кезімде үйренгім келген, бірақ өкінішке қарай оған уақыт болмады. Бала күнімде гитара шертетінмін, бірақ қолға алмағалы да көп болды. Қазір музыка көп тыңдаймын", - дейді Өсіпов.Ал мамандықты әке жолын қуып таңдаған. Биллклинтонның әкесі бір кездері құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Оның сөзінше, ерекше есімі өмірі мен жұмысына ешқандай кері әсер етпейді. Керісінше ол учаскелік инспекторға жақсы көңіл күй сыйлайды, себебі танысқан кезде адамдар күлімдеп, есімін қайталап сұрайды. Жақын адамдары оны Билл, Билли деп атайды. Ал жары Ақбота жай ғана "жаным" дейді. Биллклинтон Серікұлының Айзере есімді 3 жастағы қызы бар.Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жаңа туған нәрестеге жиі қойылған есімдер жарияланды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22535708_0:0:602:452_1920x0_80_0_0_1dd85e0c151a1e5a391bd7e7f98c636f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерекше есімдер полицей билл клинтон
ерекше есімдер полицей билл клинтон
Алматы полициясында қызмет ететін Биллклинтон ерекше есімі жайлы айтты
16:53 04.02.2022 (жаңартылды: 09:42 09.08.2023) Оның сөзінше, ерекше есімі өмірі мен жұмысына ешқандай кері әсер етпейді
АЛМАТЫ, 4 ақпан – Sputnik. Алматыда АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонмен аттас жігіт полицияда қызмет етеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Өсіпов Биллклинтон Серікұлы 25 жаста, полицей әлеуметтік желі арқылы бір күнде танымал болды. Оған ата-анасы берген ерекше есім себеп болған.
Бірнеше күн бұрын учаскелік полицейдің фотосы мен аты-жөні жазылған сурет желіде тарады.
Polisia.kz хабарлауынша, Биллклинтон отбасындағы жалғыз бала. Бұл есімді оған анасы Қабила Өсіпова берген.
"АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтонның құрметіне осылай атады. Анам оны көшбасшы және адам ретінде жақсы көрді", - дейді полиция қызметкері.
Лейтенант ерекше есіміне байланысты бала күнінде қиындықтар болғанын айтты. Жан-жағындағылар мазақ қылған кезде есімін Билл деп өзгерткісі де келген. Кейіннен бұл ойынан айнып, әзіл ретінде қарайтын болған.
"Иә, мектепте ыңғайсыз болды. Қыздар күліп, мұғалімдер қайталап сұрайтын. Қазір үйреніп кеттім. Есімім өзіме ұнайды, ауыстыру немесе қысқарту ойымда жоқ", - дейді ол.
Бала кезінде Билл Клинтон саксофонист болуды армандаған. Дәл сол секілді Биллклинтон да музыкант болғысы келген.
"Билл Клинтон саксофонда ойнай алады, ал мен үйрене алмадым. Бала кезімде үйренгім келген, бірақ өкінішке қарай оған уақыт болмады. Бала күнімде гитара шертетінмін, бірақ қолға алмағалы да көп болды. Қазір музыка көп тыңдаймын", - дейді Өсіпов.
Ал мамандықты әке жолын қуып таңдаған. Биллклинтонның әкесі бір кездері құқық қорғау органдарында қызмет еткен.
Оның сөзінше, ерекше есімі өмірі мен жұмысына ешқандай кері әсер етпейді. Керісінше ол учаскелік инспекторға жақсы көңіл күй сыйлайды, себебі танысқан кезде адамдар күлімдеп, есімін қайталап сұрайды.
Жақын адамдары оны Билл, Билли деп атайды. Ал жары Ақбота жай ғана "жаным" дейді. Биллклинтон Серікұлының Айзере есімді 3 жастағы қызы бар.