Өңірлер

Теңіз кенішінде 39 мың жұмысшы қысқартылады: әкімдік түсініктеме берді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2022
Жазылу
Онда қазір 60 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олардың 5 мыңы шетел азаматы
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Атырау облысының әкімдігі Теңіз кенішінде 39 мың жұмысшының қысқартылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады "Ақ жайық".
Теңіз кенішінде елдегі ең ірі жобалардың бірі "Болашақ кеңею жобасы" 2016 жылы басталған болатын. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының 82 пайызы аяқталды.
Онда қазір 60 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олардың 5 мыңы шетелдік. Ал жобадағы қазақстандық жұмысшылардың 40 пайызға жуығы атыраулықтар.

"Болашақ кеңею жобасы" құрылыс-монтаждау жұмыстарының басым бөлігінің аяқталуына байланысты "Теңізшевройл" компаниясының мәліметінше, 2022-ші жылдың соңына дейін шамамен 39 мың адамды босату болжанып отыр. Олардың 37 мыңы Қазақстан азаматтары. Шамамен 40 проценті Атырау облысының тұрғындары", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қалғандары елдің өзге өңірлерінен келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар.
Әкімдік хабарлауынша, бұл мәселе олардың тұрақты бақылауында. Былтырдан бері қысқартуға ілінетін азаматтарды жұмыспен қамтуға қатысты тиісті жұмыстар істеліп келеді.
"Атап айтқанда, осы мәселеге жауапты органдармен — енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ энергетика министрлігі сонымен қатар, "Теңізшевройл" компаниясы басшылығымен ай сайын кездесу өткізіліп, ақпараттар алмасылып, жоспарлар пысықталып отырады", - дейді әкімдіктегілер.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2 769 адам жобадан босатылды. Оның 1228 – і жергілікті азаматтар. Аталған атыраулықтардың 785-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 19-ы басқа жобаларға ауыстырылып, 2-і оқуға жіберіліп, 210 адам әлеуметтік төлемдер алуда. Қалған 212-сі өздері басқа жұмысқа орналаскан. 2022 жылдың 1 тоқсанында 2 900-ден астам адам босатылады деп болжануда, олардың 1270-ы – Атырау облысының тұрғындары.
Атырау облысының әкімдігі өз тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жыл сайын 12 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды.
"Сонымен қатар, облыста іске асырылатын ірі инвестициялық жобалар шеңберінде биыл және келесі жылы 9 мыңдай адамды жұмыспен қамту көзделген". - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Теңіз кенішінде 39 мың жұмысшы қысқартылады
Маңғыстау облысының мұнайшылары президентке үндеу жолдады – видео
Жаңалықтар
0