Білім

ҰБТ-да талапкерлерді екі камера бақылайды

© Sputnik / Владислав ВодневКаждое место для проведения Единого национального тестирования в центре оснащено камерой
Каждое место для проведения Единого национального тестирования в центре оснащено камерой  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2022
Жазылу
Қосымша камера тест тапсырған кезде компьютер алдында кімнің отырғанын білу үшін орнатылады
АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Қазақстанда қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр. Ол 26 қаңтарда басталды, 22 ақпанға дейін жалғасады.
Биыл ҰБТ-дағы басты жаңалық – екінші камера орнату. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің аппарат кеңесінде хабарланды.
Биыл тестілеу "бір компьютер – екі камера – бір тестіленуші" қағидаты бойынша жүргізіледі.
Министр Асхат Аймағамбетовтың хабарлауынша, алдыңғы камера тестіленушіні Face ID көмегімен сканерлейді.
"Биыл тестілеудің қауіпсіздігін, транспаренттілігін және әділдігін қамтамасыз ету үшін жаңа элементтер енгізіліп жатыр. Осындай жаңалықтардың бірі – қосымша камера орнату. Бұған дейін тестіленуші алдында бір камера болса, енді екінші камера орнатылады. Ол тестіленушінің жеке басын сәйкестендіріп, белгілі бір уақыт өткеннен кейін компьютер алдында кімнің отырғанын тексереді. Бұл компьютер алдында біраз уақыт өткеннен кейін де сол адамның отырғанына сенімді болу үшін қажет", – деп түсіндірді министр Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, компьютер тестілеуді бастау және оны аяқтау үшін адамның жүзін сканерлейді.
ҰБТ-да болған дау 2021 жылы маусымда әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды деген ақпарат тарады.
Осы ақпаратты жариялаған заңгер Абзал Құспанның айтуынша, ҰБТ-ны Әдемі Аманғалидың орнына университеттің 2-курсында грантта оқитын студент тапсырған.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті 13 маусым күні болған оқиғаны растады. Тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Артынан Тұрсынбек Қабатовтың өзі әлеуметтік желіде видео жариялап, өзі де, отбасы да алаяқтық туралы білмегенін, бұл тестке дайындайтын орталықтың ісі екенін айтты.
Әзілкештің қызы мектепті "Алтын белгімен" бітірген. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы оның мектепте жоғары нәтиже көрсеткенін және шынымен де жылдық қорытынды бойынша "Алтын белгі" иегері атанғанын растады.
2021 жылдың қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты жалған құжат жасады деп айыпталған "140+1 білім беру орталығының" басшысы Нұрбек Қанайға қатысты үкім шығарды.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, тәркіленген кеңсе жабдықтарымен, жалған құжаттармен, жеке куәліктердегі фотосуреттерді ауыстыру туралы сот-техникалық қорытындылармен дәлелденді.
Нәтижесінде сот Қанайға пробациялық бақылау орната отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алатынын айтты
Жаңалықтар
0