Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Су түбінде түсірілген таңдай қақтырарлық суреттер

Жазылу
Тұңғиық су қандай сырды бүгіп жатыр? Бұл туралы Ocean Art Underwater Photo Competition 2021 байқауының жеңімпаздары айтып береді. Су түбінде түсірілген суреттер кез келген адамды таң-тамаша ететіні анық.
Ocean Art Underwater Photo Competition суреттер байқауы кезекті жеңімпаздарды анықтады.
Биыл ол осымен оныншы рет өткізілді. Аталған байқау мұхиттар мен теңіздерді сақтау қажеттілігін әлем есіне салу мақсатында су астындағы тіршілік иелерінің ең үздік суреттерін марапаттауды көздейді.
Байқауға әлемнің 80 елінің фотографтары қатысты. Олар мұхиттың ғажайып әрі мінсіз бейнесін, су астындағы тіршіліктің қаншалықты алуан әрі бай екенін айқын бейнелей алды.
Байқау жеңімпаздарының ең әсерлі әрі үздік суреттерін топтамадан тамашалай аласыздар.
© Photo : Luc Rooman / 2021 Ocean Art

Фотобайқаудың теңдессіз жеңімпазы Лук Руман. Ол бұл суретті бельгиялық Антверпен қаласының жанындағы суатта түн уақытында түсіріп алған. Суретте екі шортан балықтың "шайқасы" бейнеленген.

"Екі жауынгер шортан балықтың текетіресін суретке түсіріп үлгердім. Өзім де таңғалдым. Менде енді бұл қос балықтың бүтіндей суреттер топтамасы бар", - дейді байқауда бірінші орын алған сурет авторы.

Фотобайқаудың теңдессіз жеңімпазы Лук Руман. Ол бұл суретті бельгиялық Антверпен қаласының жанындағы суатта түн уақытында түсіріп алған. Суретте екі шортан балықтың "шайқасы" бейнеленген. "Екі жауынгер шортан балықтың текетіресін суретке түсіріп үлгердім. Өзім де таңғалдым. Менде енді бұл қос балықтың бүтіндей суреттер топтамасы бар", - дейді байқауда бірінші орын алған сурет авторы. - Sputnik Қазақстан
1/16

Фотобайқаудың теңдессіз жеңімпазы Лук Руман. Ол бұл суретті бельгиялық Антверпен қаласының жанындағы суатта түн уақытында түсіріп алған. Суретте екі шортан балықтың "шайқасы" бейнеленген.

"Екі жауынгер шортан балықтың текетіресін суретке түсіріп үлгердім. Өзім де таңғалдым. Менде енді бұл қос балықтың бүтіндей суреттер топтамасы бар", - дейді байқауда бірінші орын алған сурет авторы.

© Photo : Enrico Somogyi / 2021 Ocean Art

"Жайын мен гүл" деп аталатын бұл суретті Энрико Сомоги түсірген.

"Менің үйімнің жанында шағын суат бар. Онда ақ тұңғиық гүлі өсіп тұрады және ішінде майда балық жүзеді. Сол жерді суретке түсірмек болдым. Біршама уақыттан кейін кішкентай жайын балық су бетіне қалқып шыққанын байқап қалдым. Ол осы әрекетін бірнеше рет қайталады. Ұзаққа созылған әрекеттен кейін әдемі сурет түсіріп алдым", - дейді автор.

"Жайын мен гүл" деп аталатын бұл суретті Энрико Сомоги түсірген. "Менің үйімнің жанында шағын суат бар. Онда ақ тұңғиық гүлі өсіп тұрады және ішінде майда балық жүзеді. Сол жерді суретке түсірмек болдым. Біршама уақыттан кейін кішкентай жайын балық су бетіне қалқып шыққанын байқап қалдым. Ол осы әрекетін бірнеше рет қайталады. Ұзаққа созылған әрекеттен кейін әдемі сурет түсіріп алдым", - дейді автор. - Sputnik Қазақстан
2/16

"Жайын мен гүл" деп аталатын бұл суретті Энрико Сомоги түсірген.

"Менің үйімнің жанында шағын суат бар. Онда ақ тұңғиық гүлі өсіп тұрады және ішінде майда балық жүзеді. Сол жерді суретке түсірмек болдым. Біршама уақыттан кейін кішкентай жайын балық су бетіне қалқып шыққанын байқап қалдым. Ол осы әрекетін бірнеше рет қайталады. Ұзаққа созылған әрекеттен кейін әдемі сурет түсіріп алдым", - дейді автор.

© Photo : Catherine Holmes / 2021 Ocean Art

Фотограф Кэтрин Холмс түсірген "Маржан ағаш" суреті. Бұл суретте драйвер Маржан рифтерді қалпына келтіру альянсы дайындаған ағаштағы маржан фрагменттерінің өсіндісін тексеріп жатыр.

Фотограф Кэтрин Холмс түсірген "Маржан ағаш" суреті. Бұл суретте драйвер Маржан рифтерді қалпына келтіру альянсы дайындаған ағаштағы маржан фрагменттерінің өсіндісін тексеріп жатыр. - Sputnik Қазақстан
3/16

Фотограф Кэтрин Холмс түсірген "Маржан ағаш" суреті. Бұл суретте драйвер Маржан рифтерді қалпына келтіру альянсы дайындаған ағаштағы маржан фрагменттерінің өсіндісін тексеріп жатыр.

© Photo : Tom St George / 2021 Ocean Art

Том Сент-Джордж түсірген "Көне үңгірлер" атты сурет. Ол дайвинг бойынша серіктесімен бірге су астындағы үңгірге түсіп, мұндағы көріністі суретке түсіріп алған.

"Маған бұл суретті ақ-қара түсте ұсынған ұнады. Себебі жарық пен көлеңкенің үйлесімі байқалады", -деді автор.

Том Сент-Джордж түсірген "Көне үңгірлер" атты сурет. Ол дайвинг бойынша серіктесімен бірге су астындағы үңгірге түсіп, мұндағы көріністі суретке түсіріп алған. "Маған бұл суретті ақ-қара түсте ұсынған ұнады. Себебі жарық пен көлеңкенің үйлесімі байқалады", -деді автор. - Sputnik Қазақстан
4/16

Том Сент-Джордж түсірген "Көне үңгірлер" атты сурет. Ол дайвинг бойынша серіктесімен бірге су астындағы үңгірге түсіп, мұндағы көріністі суретке түсіріп алған.

"Маған бұл суретті ақ-қара түсте ұсынған ұнады. Себебі жарық пен көлеңкенің үйлесімі байқалады", -деді автор.

© Photo : Paolo Bausani / 2021 Ocean Art

Паоло Баусанидің "Джокер" атты суреті. Балықтың аузын кең ашып, желбезектерін жайған сәті түсірілген.

Паоло Баусанидің "Джокер" атты суреті. Балықтың аузын кең ашып, желбезектерін жайған сәті түсірілген. - Sputnik Қазақстан
5/16

Паоло Баусанидің "Джокер" атты суреті. Балықтың аузын кең ашып, желбезектерін жайған сәті түсірілген.

© Photo : Eduardo Acevedo / 2021 Ocean Art

"Отбасы" деп аталатын бұл суретті Эдуардо Асеведо түсірген. Суретте Тенерифе және Ла Гомера аралдарының арасындағы су арнасында жүзіп жүрген киттер бейнеленген.

"Отбасы" деп аталатын бұл суретті Эдуардо Асеведо түсірген. Суретте Тенерифе және Ла Гомера аралдарының арасындағы су арнасында жүзіп жүрген киттер бейнеленген. - Sputnik Қазақстан
6/16

"Отбасы" деп аталатын бұл суретті Эдуардо Асеведо түсірген. Суретте Тенерифе және Ла Гомера аралдарының арасындағы су арнасында жүзіп жүрген киттер бейнеленген.

© Photo : Nigel Motyer / 2021 Ocean Art

"Бленнидің асы" деп аталатын туынды Найджел Мотьер қолынан шыққан. Ол алабұға тәрізділер тобына жататын ұсақ балықтың планктонды жеуге ұмтылған сәтін түсіріп алған.

"Бұл ұсақ балық назарымды аударды да, оны бірнеше рет суретке түсіруге бекіндім. Ол суреттегі әдемі кейіпкер болатынына сенімді болдым", - дейді автор.

"Бленнидің асы" деп аталатын туынды Найджел Мотьер қолынан шыққан. Ол алабұға тәрізділер тобына жататын ұсақ балықтың планктонды жеуге ұмтылған сәтін түсіріп алған. "Бұл ұсақ балық назарымды аударды да, оны бірнеше рет суретке түсіруге бекіндім. Ол суреттегі әдемі кейіпкер болатынына сенімді болдым", - дейді автор. - Sputnik Қазақстан
7/16

"Бленнидің асы" деп аталатын туынды Найджел Мотьер қолынан шыққан. Ол алабұға тәрізділер тобына жататын ұсақ балықтың планктонды жеуге ұмтылған сәтін түсіріп алған.

"Бұл ұсақ балық назарымды аударды да, оны бірнеше рет суретке түсіруге бекіндім. Ол суреттегі әдемі кейіпкер болатынына сенімді болдым", - дейді автор.

© Photo : Sarah Vasend / 2021 Ocean Art

"Теңіз сайтанының балалары" деп аталатын суретті Сара Васенд Индонезиядағы Комодо аралының жанында алғаш рет теңіз түбіне сүңгіген кезде түсірген.

"Теңіз сайтанының балалары" деп аталатын суретті Сара Васенд Индонезиядағы Комодо аралының жанында алғаш рет теңіз түбіне сүңгіген кезде түсірген. - Sputnik Қазақстан
8/16

"Теңіз сайтанының балалары" деп аталатын суретті Сара Васенд Индонезиядағы Комодо аралының жанында алғаш рет теңіз түбіне сүңгіген кезде түсірген.

© Photo : Matthew Sullivan / 2021 Ocean Art

Бұл – Мэтью Салливан түсірген "Кептеліс" атты сурет. "

Мен шағын су айдыны жанындағы жартасқа сүйеніп тұрған едім, кенет құнысбалықтардың уылдырық шашатын орынға қарай су толқынымен бірге секіріп жатқанын байқап қалдым. Балықтар осы әрекетті барынша мұқият орындап жатқаны соншалық, олар мені байқаған жоқ", - дейді ерекше суреттің атворы.

Бұл – Мэтью Салливан түсірген "Кептеліс" атты сурет. "Мен шағын су айдыны жанындағы жартасқа сүйеніп тұрған едім, кенет құнысбалықтардың уылдырық шашатын орынға қарай су толқынымен бірге секіріп жатқанын байқап қалдым. Балықтар осы әрекетті барынша мұқият орындап жатқаны соншалық, олар мені байқаған жоқ", - дейді ерекше суреттің атворы. - Sputnik Қазақстан
9/16

Бұл – Мэтью Салливан түсірген "Кептеліс" атты сурет. "

Мен шағын су айдыны жанындағы жартасқа сүйеніп тұрған едім, кенет құнысбалықтардың уылдырық шашатын орынға қарай су толқынымен бірге секіріп жатқанын байқап қалдым. Балықтар осы әрекетті барынша мұқият орындап жатқаны соншалық, олар мені байқаған жоқ", - дейді ерекше суреттің атворы.

© Photo : Cedric Peneau / 2021 Ocean Art

Седрика Пено түсірген бұл сурет "Гүл шоғы" деп аталады. Суретте – сирек кездесетеін жалаңаш желбезекті ұлу.

"Жанымдағы досым екеуміз су түбіне сүңгіген кезде бұл ұлуды кездестіргенімізге қатты қуандық. Ол бір шоқ раушан гүліне ұқсайды. Мен оның ашық әрі алқызыл түсін анық көрсету үшін шеттен жарық түсіру арқылы суретке түсіріп алдым", - дейді автор.

Седрика Пено түсірген бұл сурет "Гүл шоғы" деп аталады. Суретте – сирек кездесетеін жалаңаш желбезекті ұлу. "Жанымдағы досым екеуміз су түбіне сүңгіген кезде бұл ұлуды кездестіргенімізге қатты қуандық. Ол бір шоқ раушан гүліне ұқсайды. Мен оның ашық әрі алқызыл түсін анық көрсету үшін шеттен жарық түсіру арқылы суретке түсіріп алдым", - дейді автор. - Sputnik Қазақстан
10/16

Седрика Пено түсірген бұл сурет "Гүл шоғы" деп аталады. Суретте – сирек кездесетеін жалаңаш желбезекті ұлу.

"Жанымдағы досым екеуміз су түбіне сүңгіген кезде бұл ұлуды кездестіргенімізге қатты қуандық. Ол бір шоқ раушан гүліне ұқсайды. Мен оның ашық әрі алқызыл түсін анық көрсету үшін шеттен жарық түсіру арқылы суретке түсіріп алдым", - дейді автор.

© Photo : Hannah Le Leu / 2021 Ocean Art

Ханна Ле Ле түсірген "Еш қиындыққа қарамастан" деп аталатын сурет.

"Австралиядағы Херон аралында жасыл теңіз тасбақасының баласы асықпай су бетіне жүзіп шығып, аш құстар толы аспанға қарап тұр. Ол бала тасбақа даулыға қарамастан, жыртқыштарға қарсы тұрып, аман қалуы керек. Аспандағы қырағы құстардан бөлек, су түбінде акула мен басқа да балықтар тобы бар. Мың тасбақа баласының тек біреуі ғана аман қалады. Мына тасбақа тірі қала ма, ол жағы белгісіз", - дейді сурет авторы.

Ханна Ле Ле түсірген "Еш қиындыққа қарамастан" деп аталатын сурет. "Австралиядағы Херон аралында жасыл теңіз тасбақасының баласы асықпай су бетіне жүзіп шығып, аш құстар толы аспанға қарап тұр. Ол бала тасбақа даулыға қарамастан, жыртқыштарға қарсы тұрып, аман қалуы керек. Аспандағы қырағы құстардан бөлек, су түбінде акула мен басқа да балықтар тобы бар. Мың тасбақа баласының тек біреуі ғана аман қалады. Мына тасбақа тірі қала ма, ол жағы белгісіз", - дейді сурет авторы. - Sputnik Қазақстан
11/16

Ханна Ле Ле түсірген "Еш қиындыққа қарамастан" деп аталатын сурет.

"Австралиядағы Херон аралында жасыл теңіз тасбақасының баласы асықпай су бетіне жүзіп шығып, аш құстар толы аспанға қарап тұр. Ол бала тасбақа даулыға қарамастан, жыртқыштарға қарсы тұрып, аман қалуы керек. Аспандағы қырағы құстардан бөлек, су түбінде акула мен басқа да балықтар тобы бар. Мың тасбақа баласының тек біреуі ғана аман қалады. Мына тасбақа тірі қала ма, ол жағы белгісіз", - дейді сурет авторы.

© Photo : Jenny Stock / 2021 Ocean Art

"Сұлулық шырақтары" деп аталатын суретті Дженни Сток түсірген.

"Кубадағы дайвинг кезінде ашық түсті алабұғаны суретке түсіріп алдым. Суретті өңдеу кезінде түрлі фильтр қолдану арқылы мен қап-қара тұңғиықтағы түрлі-түсті балық бейнесін шығардым", - дейді фотограф.

"Сұлулық шырақтары" деп аталатын суретті Дженни Сток түсірген. "Кубадағы дайвинг кезінде ашық түсті алабұғаны суретке түсіріп алдым. Суретті өңдеу кезінде түрлі фильтр қолдану арқылы мен қап-қара тұңғиықтағы түрлі-түсті балық бейнесін шығардым", - дейді фотограф. - Sputnik Қазақстан
12/16

"Сұлулық шырақтары" деп аталатын суретті Дженни Сток түсірген.

"Кубадағы дайвинг кезінде ашық түсті алабұғаны суретке түсіріп алдым. Суретті өңдеу кезінде түрлі фильтр қолдану арқылы мен қап-қара тұңғиықтағы түрлі-түсті балық бейнесін шығардым", - дейді фотограф.

© Photo : Kate Rister / 2021 Ocean Art

"Ана сезімі" атты сурет Кейт Ристер қолынан шыққан. Оның айтуынша, бүкір киттердің аналығы мен баласын жыл сайын тамыз бен қазан аралығында Таити аралындағы Муреа шағын суатында кездестіруге болады.

"Анасы мен баласына аса сақтықпен, өте баяу жақындау керек. Себебі сізді байқағаннан кейін олар бой тасалауға тырысады. Ал мына кит бізден қашпағанын үлкен сәттілік деуге болады. Ол баласының бізге көз тоқтатып қарауына, аздап жақындауына қарсы болмады", - дейді сурет авторы.

"Ана сезімі" атты сурет Кейт Ристер қолынан шыққан. Оның айтуынша, бүкір киттердің аналығы мен баласын жыл сайын тамыз бен қазан аралығында Таити аралындағы Муреа шағын суатында кездестіруге болады."Анасы мен баласына аса сақтықпен, өте баяу жақындау керек. Себебі сізді байқағаннан кейін олар бой тасалауға тырысады. Ал мына кит бізден қашпағанын үлкен сәттілік деуге болады. Ол баласының бізге көз тоқтатып қарауына, аздап жақындауына қарсы болмады", - дейді сурет авторы. - Sputnik Қазақстан
13/16

"Ана сезімі" атты сурет Кейт Ристер қолынан шыққан. Оның айтуынша, бүкір киттердің аналығы мен баласын жыл сайын тамыз бен қазан аралығында Таити аралындағы Муреа шағын суатында кездестіруге болады.

"Анасы мен баласына аса сақтықпен, өте баяу жақындау керек. Себебі сізді байқағаннан кейін олар бой тасалауға тырысады. Ал мына кит бізден қашпағанын үлкен сәттілік деуге болады. Ол баласының бізге көз тоқтатып қарауына, аздап жақындауына қарсы болмады", - дейді сурет авторы.

© Photo : Julian Nedev / 2021 Ocean Art

"Үнді қалыңдығы" атты сурет. Авторы – Юлиан Недев. Қалыңдық киімін киген үнді қызының су астында түсірілген әдемі бейнесі.

"Үнді қалыңдығы" атты сурет. Авторы – Юлиан Недев. Қалыңдық киімін киген үнді қызының су астында түсірілген әдемі бейнесі. - Sputnik Қазақстан
14/16

"Үнді қалыңдығы" атты сурет. Авторы – Юлиан Недев. Қалыңдық киімін киген үнді қызының су астында түсірілген әдемі бейнесі.

© Photo : Kathrin Landgraf-Kluge / 2021 Ocean Art

"Сауық кеші" деп аталатын суреттің авторы – Кэтрин Ландграф-Клюге. Ол бұл суретті алғаш рет Мысырда су түбіне түскен кезде түсірген. Суретте Idiomysis асшаяндар тобы.

"Суретті түсіру кезінде олардың барлығын бірдей өзіме қарату қиын болды. Олар тым ұсақ, көлемі 3 миллиметрден аспайды және барлығы бір уақытта бірдей қимылдайды", - дейді фотограф.

"Сауық кеші" деп аталатын суреттің авторы – Кэтрин Ландграф-Клюге. Ол бұл суретті алғаш рет Мысырда су түбіне түскен кезде түсірген. Суретте Idiomysis асшаяндар тобы.  "Суретті түсіру кезінде олардың барлығын бірдей өзіме қарату қиын болды. Олар тым ұсақ, көлемі 3 миллиметрден аспайды және барлығы бір уақытта бірдей қимылдайды", - дейді фотограф. - Sputnik Қазақстан
15/16

"Сауық кеші" деп аталатын суреттің авторы – Кэтрин Ландграф-Клюге. Ол бұл суретті алғаш рет Мысырда су түбіне түскен кезде түсірген. Суретте Idiomysis асшаяндар тобы.

"Суретті түсіру кезінде олардың барлығын бірдей өзіме қарату қиын болды. Олар тым ұсақ, көлемі 3 миллиметрден аспайды және барлығы бір уақытта бірдей қимылдайды", - дейді фотограф.

© Photo : Julian Hsu / 2021 Ocean Art

"Ұрпақ қауіпсіздігі" деп аталатын суретті байқауға Джулиан Хсу ұсынды. Суретте теңіз бұзаубасы ұрықтанған жұмыртқаларды күзетіп тұр.

"Жұмыртқалардың орналасуына байланысты оларды аяқ жағынан түсірдім. Бұзаубас аталық мен күткен орынға жайғасқанда жылдам суретке түсіріп алдым", - дейді сурет авторы.

"Ұрпақ қауіпсіздігі" деп аталатын суретті байқауға Джулиан Хсу ұсынды. Суретте теңіз бұзаубасы ұрықтанған жұмыртқаларды күзетіп тұр. "Жұмыртқалардың орналасуына байланысты оларды аяқ жағынан түсірдім. Бұзаубас аталық мен күткен орынға жайғасқанда жылдам суретке түсіріп алдым", - дейді сурет авторы. - Sputnik Қазақстан
16/16

Жаңалықтар
0