https://sputnik.kz/20220203/qazaqstan-azyq-tulik-rezervtik-qor-22482520.html
Қазақстанда азық-түліктің резервтік қорларын құру ұсынылды
Қазақстанда азық-түліктің резервтік қорларын құру ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Депутат импорттық өнімге тәуелділікті елдің азық-түлік қауіпсіздігіне төніп тұрған қауіп деп атады 03.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-03T11:19+0500
2022-02-03T11:19+0500
2023-08-10T17:15+0500
қоғам
сенат
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381538_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_d146e0355c70f6d9b4e0b60bcfa51d79.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Сенат депутаты Бауыржан Қаниев азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қаниев келтірген статистикалық дерекке сүйенсек, қазір елге сүт өнімдерінің 23%-і, құс етінің 38%-і, шұжық өнімдерінің 44%-і шетелден импортталады. Яғни, Қазақстан импорттық өнімдерге айтарлықтай тәуелді, бұл мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді, деп санайды ол.Осыған байланысты депутат елдің импортқа тәуелділігін төмендету, тамақ өнімдері өндірісін дамыту, экспорт пен импорттың теңгерімді құрылымын сақтау, сондай-ақ азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құруды ұсынды.Сондай-ақ сенатор әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасын белгілеу және сауда үстемелерін 15%-тен 10%-ке дейін төмендету қажет деп есептейді.Бұған қоса ол елде шығарылмайтын немесе сыртқы нарықта аз көлемде өндірілетін өнімдерді сатып алу тетігін енгізуді ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381538_164:0:2831:2000_1920x0_80_0_0_b5c2eb0097f6eb715fe020e9c6c444dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, азық-түлік
Қазақстанда азық-түліктің резервтік қорларын құру ұсынылды
11:19 03.02.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Депутат импорттық өнімге тәуелділікті елдің азық-түлік қауіпсіздігіне төніп тұрған қауіп деп атады
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Сенат депутаты Бауыржан Қаниев азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құруды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаниев келтірген статистикалық дерекке сүйенсек, қазір елге сүт өнімдерінің 23%-і, құс етінің 38%-і, шұжық өнімдерінің 44%-і шетелден импортталады. Яғни, Қазақстан импорттық өнімдерге айтарлықтай тәуелді, бұл мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді, деп санайды ол.
Осыған байланысты депутат елдің импортқа тәуелділігін төмендету, тамақ өнімдері өндірісін дамыту, экспорт пен импорттың теңгерімді құрылымын сақтау, сондай-ақ азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құруды ұсынды.
"Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қалыптастыру, сақтау және пайдалану мәселелерін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынамыз", - деді Қаниев премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.
Сондай-ақ сенатор әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасын белгілеу және сауда үстемелерін 15%-тен 10%-ке дейін төмендету қажет деп есептейді.
Бұған қоса ол елде шығарылмайтын немесе сыртқы нарықта аз көлемде өндірілетін өнімдерді сатып алу тетігін енгізуді ұсынды.