Елорда тынысы

Ипотека рәсімдеуге уәде берген: елорда полициясы алаяқтарды ұстады

© Photo : Steve BuissinneМонеты на фоне часов
Монеты на фоне часов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2022
Жазылу
Аталған азаматтардан зардап шеккендер полицияға арыздануға тиіс
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Елордада тұрғындарды ипотека рәсімдеуге уәде беріп алдып кеткен алаяқтар ұсталды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгінде полицияға алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен 9 адам шағым түсірді.
Анықталғанындай, бұл іспен екі әйел айналысқан.
"Өткен жылдың сәуір айында елорда тұрғыны алаяқтарға алданып, 1,5 млн.теңгесінен айырылды. Олар 2020 жылдың желтоқсан айында ипотека рәсімдеуге көмектесеміз деп алдап, тағы бір жәбірленушінің 4 млн.490 мың теңге қаражатын иемденіп кеткен", - делінген хабарламада.
Алаяқтықтың құрбаны болған қала тұрғындары көптен күткен ипотека мен ақшалай қаражаттарының қайтарылуын күтпей, полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 40 және 38 жастағы екі әйелді ұстады.
Олардың бірі бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды.
Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Полиция аталған азаматтардан зардап шеккендерді Нұр-Сұлтан қаласы Орынбор, 9 мекенжайы бойынша орналасқан "Есіл" аудандық полиция басқармасына жүгінуін немесе төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 8 (7172) 71-65-57, 71-65-58, 71-65-50, немесе "102".
Жаңалықтар
0