https://sputnik.kz/20220203/dosaev-almaty-politsiyasymen-kezdesti-foto-22481677.html
Досаев Алматы полициясымен кездесті – видео
Досаев Алматы полициясымен кездесті – видео
Sputnik Қазақстан
Әкім қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетілгенін, бүлінген ғимараттар жөнделіп жатқанын атап өтті 03.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-03T11:06+0500
2022-02-03T11:06+0500
2022-02-03T15:50+0500
алматы
полиция
видео
https://sputnik.kz/img/07e6/02/03/22482733_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_89dcec0f059af7f40a94e187ea711287.jpg
АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев полиция қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.Қала басшысы полиция қызметкерлеріне террористік әрекеттер кезіндегі қызметі үшін алғыс білдірді.Әкімге Жедел басқару орталығы, оның ішінде бүкіл қала бойынша орнатылған 10 мыңнан астам бейнекамераға қосылған бейнебақылау жүйесі көрсетілді.Ол сондай-ақ Алматы басшылығы тарапынан қаланың құқық қорғау органын одан әрі жетілдіруге күш жұмсап, тұрғындардың сенімін арттыру үшін полиция қызметі мұқият сараланатынын айтты."Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін полиция қызметін жандандырып, заманауи техникамен жабдықтау керек екенін қалаға жасалған шабуыл айқындап берді", - деді қала әкімі.Айтуынша, қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетілді, қазір бүлінген ғимараттар жөнделіп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.Біз бәріміз қаланың тыныштығы үшін тік тұрып, аянбай еңбек ете алатынымызға сенімдімін, деді Ерболат Досаев.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Новый аким лично поблагодарил полицейских Алматы - видео
Sputnik Қазақстан
Новый аким лично поблагодарил полицейских Алматы - видео
2022-02-03T11:06+0500
true
PT1M04S
https://sputnik.kz/img/07e6/02/03/22482733_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_8be5ed0c792f109518fd82ee7e0c190f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, полиция
Досаев Алматы полициясымен кездесті – видео
11:06 03.02.2022 (жаңартылды: 15:50 03.02.2022) Әкім қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетілгенін, бүлінген ғимараттар жөнделіп жатқанын атап өтті
АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев полиция қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қала басшысы полиция қызметкерлеріне террористік әрекеттер кезіндегі қызметі үшін алғыс білдірді.
Әкімге Жедел басқару орталығы, оның ішінде бүкіл қала бойынша орнатылған 10 мыңнан астам бейнекамераға қосылған бейнебақылау жүйесі көрсетілді.
"Ең алдымен қаланы террористерден қорғау жолында қаза тапқан полицейлердің жақындары мен туған-туысқандарына көңіл айтамын. Қаңтар трагедиясы кезінде кәсіби міндетті адал атқарғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Өліммен бетпе-бет келген сәтте ешқандай қауіп-қатерге қарамастан батырлық танытып, қылмыскерлерге қарсы ерлікпен күресе білдіңіздер", - деді Досаев.
Ол сондай-ақ Алматы басшылығы тарапынан қаланың құқық қорғау органын одан әрі жетілдіруге күш жұмсап, тұрғындардың сенімін арттыру үшін полиция қызметі мұқият сараланатынын айтты.
"Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін полиция қызметін жандандырып, заманауи техникамен жабдықтау керек екенін қалаға жасалған шабуыл айқындап берді", - деді қала әкімі.
Айтуынша, қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек көрсетілді, қазір бүлінген ғимараттар жөнделіп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Біз бәріміз қаланың тыныштығы үшін тік тұрып, аянбай еңбек ете алатынымызға сенімдімін, деді Ерболат Досаев.