Әлем

Бейжің Олимпиадасына қай елдің президенттері қатысады

© REUTERS / FLORENCE LOОлимпийские кольца в Пекине
Олимпийские кольца в Пекине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2022
Жазылу
Ертең Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты түрде ашылуы өтеді
Бұл ауқымды спорт шарасы ғана емес, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынастың қазіргі ахуалынан да көрініс беретін жиынға айналды, деп жазды РИА Новости.
Олимпиада ойындарының геосаяси күрес құралына айналуы алғаш рет 1980 жылы тіркелді. Сол шақта Батыс Мәскеу Олимпиадасына бойкот жариялаған және кезегі жеткенде кеңестік спортшылар Лос-Анджелестегі спорт шарасына қатысудан бас тартты. Осы секілді үрдіс қазір де байқалып отыр және ол әлдеқайда ауқымды дипломатиялық сипатқа ие.
Ресейлік ақпарат агенттігінің мәліметінше, Батыстағылар 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына, 2014 жылы Сочидегі қысқы Олимпиадаға бойкот жариялауға тырысқан. Қытай елінде өтетін биылғы Олимпиаданы да дипломатиялық тұрғыдан жазалауға тырысқан АҚШ бүкіл әлем елдерін осы бойкотқа қосылуға шақырды. Жарысқа қатысатын америкалық спортшылар саны көп болғанымен, АҚШ-тан ешқандай ресми тұлға ашылу салтанатына қатыспайтын сыңайлы.
"Олимпиадаға РФ президенті Владимир Путин қатысады және екі жылдан кейін алғаш рет Си Цзиньпинмен оффлайн кездесу өтеді. Қытай көшбасшысы осы уақыт ішінде өз елінің аумағынан тыс шыққан жоқ. Бірақ коронавирус пандемиясы салдарынан жоғары деңгейдегі кездесулер мен жиындардың онлайн форматта өтуіне байланысты шетелдік делегацияның қайсысы ашылу салтанатына қатысатыны жіті назарда болатыны анық", - деп жазды РИА Новости.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқан жоғары лауазымды тұлғалардың саны бойынша Қытай астанасы бірінші орында тұр: 2008 жылдың 8 тамызында Бейжіңдегі Ұлттық стадионда жетпіске жуық шет мемлекеттің президенті бас қосты. Негізі олардың нақты саны 75 болған деген дерек бар. Алайда бұл көрсеткіш министрлер жетекшілік еткен шетелдік делегацияны да қамтып отыр. Бірақ президенттер, премьерлер, корольдер мен король әулетінің өкілдері 66 адамды құрады. Ал биылғы салтанатты шараға небәрі 23 көшбасшы қатысқалы отыр.
РИА Новости материалының авторы "мұны америкалық бойкоттың нәтижесі деп атауға болмайтынын" жазды. Оның айтуынша, біріншіден, Бейжің-2008 және Бейжің-2022 Олимпиада ойындарының арасында үлкен айырмашылық бар. Қазір Африка құрлығынан небәрі бес құрама команда қатысады. Ал 2008 жылғы Олимпиада ойындарында олардың саны қырыққа жеткен. Ұлттық құрама команда жарысқа түспесе, ел президенті де қатыспайтыны белгілі. 2008 жылы Африкадағы 11 мемлекеттің көшбасшысы Бейжіңге ұшып келсе, биыл салтанатты ашылуға тек біреуі қатысады.
Бұл жолы Океания да болмайды: жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты бес көшбасшы қатысқанымен, қысқы спорт Түрлері Тынық мұхиты аралдарына дамымағаны баршаға аян.
Участники труппы Традиционной китайской оперы во время празднования предстоящего Нового года по лунному календарю в Бангкоке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2022
Фото
Олимпиада-2022: көрермендерді қандай шоу күтіп тұр – фото
"Екіншіден, карантин шектеулері бар, коронавирус бәрібір ел басшыларының, сондай-ақ құраманың жүріп-тұруына әсер етіп отыр. Мысалы, Қытаймен іргелес жатқан Корей Халық Демократиялық Республикасы Олимпиадаға қатысудан түбегейлі бас тартты", - деп жазылған материалда.
Ресейлік агенттік үшінші фактор ретінде бойкоттың әсерін атап көрсеткен. Алайда 2008 жылы мұндай бойкотқа Австрия, Польша, Чехия мен Эстония сынды бірнеше мемлекет қана қолдау білдірген. Қазір бұл тізімнен тек эстондықтар ғана батыс бастамасын қолдап отыр. Сонымен қатар америкалық дипломатиялық бойкотқа Ұлыбритания, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия қосылды. Еуропалықтардан Бельгия, Нидерланды, Дания мен Литва бар. Осымен бойкотты қолдаушылар тізімі аяқталады.
Сонымен қатар екі ұстанымды да қолдайтын мемлекеттер табылды. Олардың бірі ретінде Францияны атауға болады. Ел президенті Макрон дипломатиялық бойкотты тиімсіз деп атап, Олимпиада ойындарын саясиландырмауға шақырды. Бірақ спорт шарасының ашылу салтанатына оның қатыспайтыны белгілі болды. Францияның министрі – спорт делегаты Роксана Марасиняну ашылу шарасына қатыспағанымен, спортшыларды қолдау мақсатында қытай еліне келетінін хабарлады.
РИА Новости ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиаданың ашылуына Еуропадағы 27 мемлекеттік басшысы (ханзадаларды қоса алғанда) қатысқан. Ал қазір ЕО құрамына кірмейтір Сербия, Босния мен Герцеговинаны қоса есептегенде, бұл көрсеткіш небәрі төртты құрап отыр.
Ешқандай геосаяси мәлімдемелерге мән берместен, Қытай еліне емін-еркін келгендер қатарында Польша президенті, Люксембург билеушісі герцог Анри мен Монако ханзадасы ІІ Альберт бар. Латын Америкасынан Аргентина мен Эквадор президенттері қатысады. Бұл Олимпиадада Азия құрлығындағы мемлекеттердің көшбасшылары басым болатын түрі бар: бес Орталық Азия мемлекетінен Пәкістан премьер-министрі, Камбоджа королі және Сингапур президенті, Моңғолия премьер-министрі және тай ханшайымы (король ешқашан ел аумағынан шықпайды) ғана емес, сондай-ақ араб әлемінің негізгі елдерінің көшбасшылары, атап айтқанда Мысыр президенті Сиси, Катар әмірі, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мұрагер ханзадалары қатысады.
"Бүгінде бүкіл әлем ақ пен қараны ажыратып, жаһандық кеңістікте болып жатқан оқиғаларға әділ баға беретін деңгейге бет бұрды. Сондықтан арандату мақсатында айтылатын үндеулерге құлақ асатындар қатары сиреп жатыр", - деп жазды РИА Новости.
Жаңалықтар
0