https://sputnik.kz/20220203/atlant-mkhity-video-22512195.html
Атлант мұхитында мұнай танкері жарылды - видео
Атлант мұхитында мұнай танкері жарылды - видео
Sputnik Қазақстан
Әзірше адам өлімі туралы ақпарат жоқ. Алайда платформада он жұмысшы болған 03.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-03T18:01+0500
2022-02-03T18:01+0500
2022-02-03T18:01+0500
әлем
мұнай
кеме
https://sputnik.kz/img/07e6/02/03/22506026_0:49:1010:617_1920x0_80_0_0_08f53024f199c03a5f8164a264774d1f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Атлант мұхитында Нигерия жағалауындағы мұнай платформасы жарылып, өртке оранды, деп хабарлады РИА Новости. Мұхитта жүзіп жүретін Trinity Spirit қондырғысы мұнайды өндіруге, сақтауға және тиеуге арналған. Бүгін таңғы уақытта Укпокити терминалына жақын жерде қатты жарылыс болды. Артынан танкер өртке оранды. Жарылыстың себебі белгісіз. Кеменің иесі - Shebah E&P компаниясы жарылыс кезінде платформада он адам болуы мүмкін деген ақпарат таратты. Олардың ішінде экипаж мүшелері және мұнай өндірумен айналысатын команда бар. Әзірше барлығы із-түзсіз жоғалған адамдардың тізіміне енді. Осы жарылыстан кейін жақын тұрған басқа платформаларда жұмысшылар арасында дүрбелең басталды. Жанып тұрған кемеге бірінші болып барған балықшылар оған жақындай алмады. Себебі өрт өте қатты болды. Сондай-ақ, америкалық Chevron компаниясының құтқарушылары мен тағы бір мұнай компаниясының мамандары нигериялық платформаға көмектесуге тырысты. Блумберг агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, танкерде шамамен екі миллион баррель мұнай болуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/03/22506026_61:0:949:666_1920x0_80_0_0_04462bdbe4506ca5a8e9df39897a0e32.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, кеме
Атлант мұхитында мұнай танкері жарылды - видео
Әзірше адам өлімі туралы ақпарат жоқ. Алайда платформада он жұмысшы болған
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Атлант мұхитында Нигерия жағалауындағы мұнай платформасы жарылып, өртке оранды, деп хабарлады РИА Новости.
Мұхитта жүзіп жүретін Trinity Spirit қондырғысы мұнайды өндіруге, сақтауға және тиеуге арналған. Бүгін таңғы уақытта Укпокити терминалына жақын жерде қатты жарылыс болды. Артынан танкер өртке оранды.
Жарылыстың себебі белгісіз. Кеменің иесі - Shebah E&P компаниясы жарылыс кезінде платформада он адам болуы мүмкін деген ақпарат таратты. Олардың ішінде экипаж мүшелері және мұнай өндірумен айналысатын команда бар.
Әзірше барлығы із-түзсіз жоғалған адамдардың тізіміне енді. Осы жарылыстан кейін жақын тұрған басқа платформаларда жұмысшылар арасында дүрбелең басталды.
Жанып тұрған кемеге бірінші болып барған балықшылар оған жақындай алмады. Себебі өрт өте қатты болды. Сондай-ақ, америкалық Chevron компаниясының құтқарушылары мен тағы бір мұнай компаниясының мамандары нигериялық платформаға көмектесуге тырысты.
Блумберг агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, танкерде шамамен екі миллион баррель мұнай болуы мүмкін.