https://sputnik.kz/20220203/alty-qala-beeline-bailanys-22509981.html
Қазақстанның алты қаласында Beeline байланысы нашарлады
Қазақстанның алты қаласында Beeline байланысы нашарлады
Sputnik Қазақстан
Белгісіз біреулер талшықты-оптикалық кабельдерге зақым келтірген, салдарынан мобильді интернеттің жұмысы нашарлады 03.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-03T16:24+0500
2022-02-03T16:24+0500
2022-02-03T16:24+0500
қоғам
байланыс
интернет
операторлар
https://sputnik.kz/img/169/38/1693823_0:54:1921:1134_1920x0_80_0_0_7d636b8f0286e9cfcfd49744a1c2ec49.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Beeline ұялы байланыс операторы бірқатар қалада мобильді интернет шектелгенін растады.Бұған дейін батыстағы қалалардың тұрғындары интернет істемей тұрғанын жазған еді.Компания Ақтау, Атырау, Орал, Петропавл, Қызылорда және Ақтөбе қалаларында мобильді интернет қызметін ұсынуда шектеу байқалатынын растады.Орал тұрғындары жергілікті уақытпен 12:40 шамасында қалада Beeline абоненттерінде интернет "жоғалғанын" мәлімдеді. Көп ұзамай мұндай проблемаға Ақсай мен Ақтөбе тұрғындары да тап болған. Алматы қолданушылары парақшаларды жүктеу жылдамдығы төмендегенін айтып жатыр.Қазіргі таңда Ақтөбе мен Қызылордада байланыс қалпына келді, деп хабарлады компания.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/169/38/1693823_32:0:1739:1280_1920x0_80_0_0_805365f1bdf064809d89cfab3d64f73a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
байланыс, интернет, операторлар
байланыс, интернет, операторлар
Қазақстанның алты қаласында Beeline байланысы нашарлады
Белгісіз біреулер талшықты-оптикалық кабельдерге зақым келтірген, салдарынан мобильді интернеттің жұмысы нашарлады
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Beeline ұялы байланыс операторы бірқатар қалада мобильді интернет шектелгенін растады.
Бұған дейін батыстағы қалалардың тұрғындары интернет істемей тұрғанын жазған еді.
Компания Ақтау, Атырау, Орал, Петропавл, Қызылорда және Ақтөбе қалаларында мобильді интернет қызметін ұсынуда шектеу байқалатынын растады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз біреулер бұрғылау жұмыстары кезінде Beeline талшықты-оптикалық кабельдеріне зақым келтірген. Мобильді оператор инженерлері оқиға орнында, қазір байланысты қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр", - делінген ұялы байланыс операторының хабарламасында.
Орал тұрғындары жергілікті уақытпен 12:40 шамасында қалада Beeline абоненттерінде интернет "жоғалғанын" мәлімдеді. Көп ұзамай мұндай проблемаға Ақсай мен Ақтөбе тұрғындары да тап болған. Алматы қолданушылары парақшаларды жүктеу жылдамдығы төмендегенін айтып жатыр.
Қазіргі таңда Ақтөбе мен Қызылордада байланыс қалпына келді, деп хабарлады компания.