Қоғам

Аударылған жүк пойызы Ауғанстанға бидай апара жатқан – ҚТЖ

© АО "НК "Қазақстан темір жолы"Вагондар, архивтегі фото
Вагондар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Жазылу
Теміржол компаниясының мамандары ол астық ауған еліне гуманитарлық көмек ретінде жолданды ма, әлде ол коммерциялық партия ма деген сұраққа нақты жауап бере алмады
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысында жолдан шығып кеткен жүк пойызы Ауғанстанға бидай апара жатқан. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
"Вагондарға бидай тиелген. Оның рельстен шығып кетуіне вагонның бүйір рамасының сынуы себеп болған. Апат орнында Сарышаған, Шу және Балқаш стансаларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр", - деп баспасөз қызметі қосымша ақпарат ұсынды.
Алайда бұл астық ауған еліне гуманитарлық көмек ретінде жолданды ма, әлде ол коммерциялық партия ма деген сұраққа ұлттық тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі нақты жауап бере алмады.
1 ақпанда жүк пойызы жолдан шығып кетті. Вагондарға бидай тиелген.
Жүк вагондарының рельстен шығуы салдарынан алты жолаушылар пойызы кешікті.
Жаңалықтар
0