https://sputnik.kz/20220202/toqaev-zhien-lauazym-22443849.html
Тоқаевтың жиені тағы бір лауазымнан айырылды
Тоқаевтың жиені тағы бір лауазымнан айырылды
Sputnik Қазақстан
Қаныш Ізбастин "ҚазАгроҚаржы" директорлар кеңесінен шықты. Бұған дейін ол өз еркімен "Бәйтерек" холдингі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кеткен еді 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T14:22+0500
2022-02-02T14:22+0500
2022-02-02T14:37+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
жиендер
лауазым
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19147703_0:651:2048:1803_1920x0_80_0_0_d7293234dd2a45f56f197e40c7a60870.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. "ҚазАгроҚаржы" АҚ жалғыз акционері Қаныш Ізбастинді Директорлар кеңесі құрамынан шығарды, делінген Қазақстан қор биржасының баспасөз хабарламасында.Ізбастин "ҚазАгроҚаржы" директорлар кеңесінің төрағасы болған.Шешім 2022 жылы 26 қаңтарда қабылданды."ҚазАгроФинанс" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы. Ал "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалғыз акционері – Қазақстан үкіметі.Бұған дейін 2022 жылы 14 қаңтарда Ізбастин қоғамдық қызметке ауысуына байланысты өз еркімен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кеткен еді.Қаныш Ізбастиннің еңбек жолы2015 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың наурызына дейін "ҚазАгроҚаржы" АҚ басқарма төрағасы болды.2013-2015 жылдары – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры.2012 жылы – "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.2007 жылдан бастап "ҚДБ-Лизинг" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, кейін осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы болды.Қаныш Ізбастин – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені. Анасы Қарлыға Ізбастина – мемлекет басшысының туған бауыры.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19147703_0:459:2048:1995_1920x0_80_0_0_70aece635b7d3a34194043a432c83a0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жиендер, лауазым
қасым-жомарт тоқаев, жиендер, лауазым
Тоқаевтың жиені тағы бір лауазымнан айырылды
14:22 02.02.2022 (жаңартылды: 14:37 02.02.2022) Қаныш Ізбастин "ҚазАгроҚаржы" директорлар кеңесінен шықты. Бұған дейін ол өз еркімен "Бәйтерек" холдингі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кеткен еді
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. "ҚазАгроҚаржы" АҚ жалғыз акционері Қаныш Ізбастинді Директорлар кеңесі құрамынан шығарды, делінген Қазақстан қор биржасының баспасөз хабарламасында.
Ізбастин "ҚазАгроҚаржы" директорлар кеңесінің төрағасы болған.
Шешім 2022 жылы 26 қаңтарда қабылданды.
"Енгізілген өзгерістен кейін "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: А.К. Жуанышбаева, А.Е. Мырзағалиева, С.Н. Мәдиев, Р.С. Оразбаев, А.Г. Прашев", - делінген хабарламада.
"ҚазАгроФинанс" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы. Ал "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның жалғыз акционері – Қазақстан үкіметі.
Бұған дейін 2022 жылы 14 қаңтарда Ізбастин қоғамдық қызметке ауысуына байланысты өз еркімен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кеткен еді.
Қаныш Ізбастиннің еңбек жолы
2015 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың наурызына дейін "ҚазАгроҚаржы" АҚ басқарма төрағасы болды.
2013-2015 жылдары – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры.
2012 жылы – "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.
2007 жылдан бастап "ҚДБ-Лизинг" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, кейін осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы болды.
Қаныш Ізбастин – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені. Анасы Қарлыға Ізбастина – мемлекет басшысының туған бауыры.