https://sputnik.kz/20220202/toqaev-tapsyrma-bilim-salasy-22448235.html
Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр – білім саласындағы өзгерістер
Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр – білім саласындағы өзгерістер
Sputnik Қазақстан
Еліміздің батысында техникалық бағытта екі жетекші шетелдік университеттің филиалы ашылады 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T16:28+0500
2022-02-02T16:28+0500
2022-02-03T16:20+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
білім
https://sputnik.kz/img/07e5/01/05/15928069_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_42fd4d9c5f8d5576ba938f24dcb75688.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы оқиғалардан кейін отандық білім саласының форматын өзгертуге мүдделі екенін мәлімдеді. Осыдан кейін бірнеше маңызды тапсырма берді. Соның ішінде ауылдарға үздік педагогтерді тарту, "Болашақ" халықаралық бағдарламасына өзгеріс енгізу сияқты міндеттер бар. Бүгінде алғашқы өзгерістер көріне бастады. Sputnik Қазақстан Тоқаевтың білім саласына қатысты тапсырамалары қалай орындалып жатқанын зерделеп шықты.Ауылға барған мұғалімдерге жоғары жалақы төлейдіМемлекет басшысы мәжілістің жалпы отырысында ауылды жерде білім сапасын көтеруді тапсырды. Осыған орай министрлікке маман тапшылығы сезілетін өңірлерге мықты мұғалімдерді тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеу міндеті жүктелген болатын.Екі күннен кейін білім және ғылым министрлігі жаңа бағдарламаның жобасын жариялады. Оған сәйкес, ауылға баратын үздік педагогтерге жоғары жалақы төленеді. Бұдан бөлек, тұрғын үй беру немесе тұрғын үйді жалға алу ақысын өтеу шаралары қарастырылған. Коммуналдық қызметтерді төлеуге де өтемақы төленуі мүмкін."Мұндай әлеуметтік пакет арнайы рәсімнен өтіп, белгілі бір өлшемдерге сәйкес келетін және белгілі бір мектептерге жұмысқа ауысатын мұғалімдерге беріледі. Кейбір тетіктерін әлі де талқылаймыз. Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасы жоғары білім беруді дамытуға қатысты болды", - дейді министр Асхат Аймағамбетов.Грант саны артадыПрезидент 2025 жылға дейін кем дегенде бес беделді шетел университетінің филиалын ашуға тапсырма берген. Білім министрлігінің мәліметіне сәйкес, былтыр Қазақстанда Де Монтфорт Лестер Британ университетінің (De Montfort University Leicester) филиалы ашылған болатын. Ал Қозыбаев атындағы университетті Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықталып жатыр.Еліміздің батысында техникалық бағытта екі жетекші шетелдік университеттің филиалы ашылады.Білім министрінің айтуынша, биыл техникалық мамандықтар бойынша грант саны айтарлықтай өседі. Әсіресе білім сапасы төмен өңірлерден келген түлектерге грант көбірек бөлінеді. Ал жоғары оқу орындарына нақты талап қойылады. Ол – жұмыспен қамту.Тоқаевтың "Болашақ" бағдарламасына қатысты ұстанымы21 қаңтарда ірі бизнес өкілдерімен кездескен президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласының форматын өзгертуге мүдделі екенін мәлімдеді."Мен елдің білім беру саласын қайта құрғым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді тым көп дайындаймыз. Бізге қазір білімді техникалық бағытқа бұру қажет. Біз "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, соның ішінде Ресейге жібереміз. Бәлкім, бірінші кезекте Ресейдің танымал техникалық оқу орындарына жіберетін шығармыз", - деді Тоқаев.Ал "Хабар" арнасына берген сұхбатында "Болашақ" бағдарламасы аясында ешқандай шектеу қойылматынын айтты."Бәлкім, ол адам шетелде оқығысы келеді. Біз ешқандай шектеу қоймаймыз. Бірақ ол жақта білімнің өзіндік ерекшелігі бар екенін ескеру керек. Негізі батыстық білімді дәріптегенді қаламаймын. Олардың да өзіндік проблемары бар. Шетел университеттері де диплом шығаратын "контораларға" айналып барады. Ақшаны төлейсің де, біршама уақыттан кейін дипломыңды алып кетесің. Біздің кейбір жастарымыз осыны пайдаланып жатады. Сосын танымал бір шетелдік жоғары орнын айта салады. Ал, зерттеп қарасаң, ол жерде бір жылдан астам уақыт оқымаған ", - деп атап өтті президент.Тапсырма бір аптаның ішінде орындалдыЖақында Халықаралық бағдарламалар орталығы президент тапсырмасы аясында "Болашаққа" өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Жоғары оқу орындарының қатарына Ресейдің жетекші техникалық университеттері қосылды. Олар:Бұдан бөлек, осы тізімге "МИСиС" Ұлттық зерттеу техникалық университеті мен ИТМО Ұлттық зерттеу университеті қосылады деген жоспар бар.Осылайша президенттің тапсырмасы бір аптаның ішінде орындала бастады.Тізімде 200-ден астам үздік университет барАлдағы уақытта "Болашақ" халықаралық бағдарламасына басқа университеттер де енгізіледі. Қазіргі тізімде 30-ға жуық елдің 200-ден астам үздік жоғары оқу орны бар."Біз былтыр ғана тағы төрт мемлекетті қосып, бағдарлама ауқымын кеңейттік. Олардың ішінде Австрия, Чехия, Ирландия мен Оңтүстік Африка бар. Біз түлектерге университет таңдау мүмкіндігін одан әрі ұлғайтып, техникалық бағыттар бойынша білім алудың қолжетімділігін арттыра береміз. Техникалық бағыттағы мамандықтарға басымдық беріледі", – дейді білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.Оның айтуынша, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард, Массачусетс, Оксфорд және Принстон сияқты университеттерде оқу түсу мүмкіндігі бұрынғыдай қала береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/05/15928069_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_4f5ed8a661bf12a0ce38cdce4aa5dc58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
білім саласы тоқаев өзгерістер
білім саласы тоқаев өзгерістер
Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр – білім саласындағы өзгерістер
16:28 02.02.2022 (жаңартылды: 16:20 03.02.2022) Еліміздің батысында техникалық бағытта екі жетекші шетелдік университеттің филиалы ашылады
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы оқиғалардан кейін отандық білім саласының форматын өзгертуге мүдделі екенін мәлімдеді. Осыдан кейін бірнеше маңызды тапсырма берді. Соның ішінде ауылдарға үздік педагогтерді тарту, "Болашақ" халықаралық бағдарламасына өзгеріс енгізу сияқты міндеттер бар. Бүгінде алғашқы өзгерістер көріне бастады.
Sputnik Қазақстан Тоқаевтың білім саласына қатысты тапсырамалары қалай орындалып жатқанын зерделеп шықты.
Ауылға барған мұғалімдерге жоғары жалақы төлейді
Мемлекет басшысы мәжілістің жалпы отырысында ауылды жерде білім сапасын көтеруді тапсырды. Осыған орай министрлікке маман тапшылығы сезілетін өңірлерге мықты мұғалімдерді тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеу міндеті жүктелген болатын.
Екі күннен кейін білім және ғылым министрлігі жаңа бағдарламаның жобасын жариялады. Оған сәйкес, ауылға баратын үздік педагогтерге жоғары жалақы төленеді. Бұдан бөлек, тұрғын үй беру немесе тұрғын үйді жалға алу ақысын өтеу шаралары қарастырылған. Коммуналдық қызметтерді төлеуге де өтемақы төленуі мүмкін.
"Мұндай әлеуметтік пакет арнайы рәсімнен өтіп, белгілі бір өлшемдерге сәйкес келетін және белгілі бір мектептерге жұмысқа ауысатын мұғалімдерге беріледі. Кейбір тетіктерін әлі де талқылаймыз. Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасы жоғары білім беруді дамытуға қатысты болды", - дейді министр Асхат Аймағамбетов.
Президент 2025 жылға дейін кем дегенде бес беделді шетел университетінің филиалын ашуға тапсырма берген. Білім министрлігінің мәліметіне сәйкес, былтыр Қазақстанда Де Монтфорт Лестер Британ университетінің (De Montfort University Leicester) филиалы ашылған болатын. Ал Қозыбаев атындағы университетті Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықталып жатыр.
Еліміздің батысында техникалық бағытта екі жетекші шетелдік университеттің филиалы ашылады.
Білім министрінің айтуынша, биыл техникалық мамандықтар бойынша грант саны айтарлықтай өседі. Әсіресе білім сапасы төмен өңірлерден келген түлектерге грант көбірек бөлінеді. Ал жоғары оқу орындарына нақты талап қойылады. Ол – жұмыспен қамту.
Тоқаевтың "Болашақ" бағдарламасына қатысты ұстанымы
21 қаңтарда ірі бизнес өкілдерімен кездескен президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласының форматын өзгертуге мүдделі екенін мәлімдеді.
"Мен елдің білім беру саласын қайта құрғым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді тым көп дайындаймыз. Бізге қазір білімді техникалық бағытқа бұру қажет. Біз "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, соның ішінде Ресейге жібереміз. Бәлкім, бірінші кезекте Ресейдің танымал техникалық оқу орындарына жіберетін шығармыз", - деді Тоқаев.
Ал "Хабар" арнасына берген сұхбатында "Болашақ" бағдарламасы аясында ешқандай шектеу қойылматынын айтты.
"Бәлкім, ол адам шетелде оқығысы келеді. Біз ешқандай шектеу қоймаймыз. Бірақ ол жақта білімнің өзіндік ерекшелігі бар екенін ескеру керек. Негізі батыстық білімді дәріптегенді қаламаймын. Олардың да өзіндік проблемары бар. Шетел университеттері де диплом шығаратын "контораларға" айналып барады. Ақшаны төлейсің де, біршама уақыттан кейін дипломыңды алып кетесің. Біздің кейбір жастарымыз осыны пайдаланып жатады. Сосын танымал бір шетелдік жоғары орнын айта салады. Ал, зерттеп қарасаң, ол жерде бір жылдан астам уақыт оқымаған ", - деп атап өтті президент.
Тапсырма бір аптаның ішінде орындалды
Жақында Халықаралық бағдарламалар орталығы президент тапсырмасы аясында "Болашаққа" өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Жоғары оқу орындарының қатарына Ресейдің жетекші техникалық университеттері қосылды. Олар:
Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті;
"MИФИ" Ұлттық зерттеу ядролық университеті;
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті;
Санкт-Петербург мемлекеттік университеті;
Мәскеу физика-техникалық институты.
Бұдан бөлек, осы тізімге "МИСиС" Ұлттық зерттеу техникалық университеті мен ИТМО Ұлттық зерттеу университеті қосылады деген жоспар бар.
Осылайша президенттің тапсырмасы бір аптаның ішінде орындала бастады.
Тізімде 200-ден астам үздік университет бар
Алдағы уақытта "Болашақ" халықаралық бағдарламасына басқа университеттер де енгізіледі. Қазіргі тізімде 30-ға жуық елдің 200-ден астам үздік жоғары оқу орны бар.
"Біз былтыр ғана тағы төрт мемлекетті қосып, бағдарлама ауқымын кеңейттік. Олардың ішінде Австрия, Чехия, Ирландия мен Оңтүстік Африка бар. Біз түлектерге университет таңдау мүмкіндігін одан әрі ұлғайтып, техникалық бағыттар бойынша білім алудың қолжетімділігін арттыра береміз. Техникалық бағыттағы мамандықтарға басымдық беріледі", – дейді білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Оның айтуынша, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард, Массачусетс, Оксфорд және Принстон сияқты университеттерде оқу түсу мүмкіндігі бұрынғыдай қала береді.