Денсаулық

Тамақтану кезінде кофе ішуге бола ма – диетолог жауабы

© Photo : UnsplashНекоторые исследования показывают, что потребление кофе укрепляет психическое здоровье и снижает риск инсульта
Некоторые исследования показывают, что потребление кофе укрепляет психическое здоровье и снижает риск инсульта - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Жазылу
Маман кофе тұтыну кезінде артынша бір стақан су ішуге кеңес берді
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Тамақтану кезінде кофе ішуге болады. Әсіресе, ыстық сусынның табиғи өнімнен дайындалғаны және құрамында қоспа болмауы маңызды, деп мәлімдеді диетолог Антонина Саволюк.
"Кофе құрамында болатын биологиялық белсенді заттар, антиоксиданттар мен катехиндер ақуыз және кальциймен өте оңай байланысқа түседі. Егер құрамындағы жануар етіндегі ақуыз бар майлы тағамның артынан кофе ішіп, сусынға сүт пен кілегей қоссаңыз, онда оның барлық пайдасы жоғалып кетеді. Танин де қосымша әсер етеді. Ақуызбен байланысқа түскен кезде ол зат қиын қорытылады", - деп диетолог сөзін келтірді РИА Новости.
Маман таңғы ас немесе жүрек жалғау кезінде кофе тұтынуға және артынша бір стақан су ішуге кеңес берді.
"Кофе ағзаны қатты сусыздандырады және қышқыл-сілтілі теңгерімді "қышқылдандырады". Сонымен қатар оның зәр айдау әсері бар, қан арнасынан суды шығарады. Сондықтан бір шыны кофеден кейін бір стақан су ішуді әдетке айналдыру керек", - деп нақтылады Саволюк.
Сондай-ақ кофенің қарсы көрсетілімдері жайлы да ұмытпаған абзал.
"Дәрігер кофе ішуге тікелей тыйым салуы мүмкін. Мысалы, адам остеопорозға, гипертонияға немесе ағзада кок бактериясы болған жағдайда бұл ыстық сусынды ішуге болмайды. Сондықтан дәрігер кофе ішуге тыйым салса, онда оның кеңесіне құлақ асу керек. Гастрит, асқазанның ойық жарасы бар адамдарға қою кофе ішуге болмайды", - деп түсіндірді диетолог.
Оның айтуынша, басқа адамдар өз қалауына қарай кофе іше береді.
Оқи отырыңыз: Дәрігер ыстық шай несімен зиян екенін айтты
Жаңалықтар
0